
Халықтың денсаулық жағдайы, адамның тіршілік ету ортасы көп жағдайда қоршаған ортаның жай-күйіне байланысты. Облыс тұрғындарының санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мамандары тұрақты негізде елді мекендерді, су объектілерін, атмосфералық ауа мен топырақты сумен жабдықтау жай-күйіне санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізеді.
Адамдар тұратын аумақта, өнеркәсіптік кәсіпорындардың ықпал ету аймағында, неғұрлым қарқынды қозғалысы бар автомагистральдарда атмосфералық ауа сынамалары алынады.
2022 жылы облыс бойынша санитариялық-химиялық көрсеткіштерге 13 280 атмосфералық ауа сынамасы зерттелді, оның ішінде ШРК-дан асқан 27 сынама (0,2%) анықталды, Павлодар қаласындағы бақылау нүктелерінен жалпы шаң мен өлшенген заттардың мөлшері бойынша асып кету анықталды. Атмосфералық ауаның қанағаттанарлықсыз сынамаларының нәтижелері бойынша басқару шараларын қабылдау үшін облыстың Экология департаменті хабардар етілді.
Ауыз сумен жабдықтау көзі ретінде пайдаланылатын 1-санаттағы су айдындарының 59 сынамасы зерттелді, барлық сынамалар санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес келді. Сондай-ақ зертханалық мониторинг жаппай суға шомылу үшін пайдаланылатын 2-санаттағы су айдындарында жүргізілді, олардан 289 су сынамасы зерттелді, оның ішінде 16 сынама (5,5%) микробиологиялық көрсеткіштер бойынша санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес келмеді.
Су құбырларындағы судың сапасын үнемі бақылап отырудың маңызы зор, ол кәсіпорындарда өндірістік бақылаумен қамтамасыз етіледі. Ауыз судың сапасы адамдардың денсаулығына айтарлықтай әсер етеді, ал орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету халықтың жалпы өмір сүру сапасына әсерін тигізеді. Сапасыз су инфекциялық (дизентерия, ішек инфекциясы, А вирустық гепатиті және т.б.) және инфекциялық емес аурулардың (несептас аурулары, аллергиялық және тері аурулары) көзі болып табылады.
Елді мекендерді сумен жабдықтаудың орталықтандырылған жүйелерінен су мониторингі аясында санитариялық-химиялық және микробиологиялық көрсеткіштерге 4 113 су құбыры суының сынамасы зерттелді, оның ішінде 176 сынама (4,2 %) санитариялық-химиялық және микробиологиялық көрсеткіштер бойынша сәйкес келмеді.
Мониторинг нәтижелері бойынша басқарушылық шешімдер қабылдау үшін жергілікті атқарушы органдарға ақпарат жіберілді.
Топырақтың жай-күйіне мониторинг қорытындысы бойынша 1 102 сынама санитариялық-химиялық және микробиологиялық көрсеткіштерге зерттелді, оның ішінде санитариялық нормаларға сәйкес келмейтін 11 сынама (0,9%) анықталды. Сәйкес емес сынамалардың нәтижелері бойынша мүдделі органдарға профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін ақпарат жіберілді.