
Атырау облысы бойынша 2022 жылы туберкулезбен ауырғаны алғаш анықталған 397 науқас тіркеліп, 2021 жылмен салыстырғанда 7,2% азайған (2021ж. – 413 науқас). Оның ішінде тыныс алу мүшелері туберкулезі – 357 науқас (2021ж. – 369 науқас).
Туберкулез – адам ағзасына туберкулез таяқшаларының енуінен пайда болатын инфекциялық жұқпалы ауру. Туберкулезге тыныс ағзасы – өкпе жиі шалдығады. Сондай-ақ, сирек те болса туберкулезге ми, ми қабықшасы, сүйек, буын, лимфа бездері, бүйрек, жыныс ағзалары, көз, ішек және басқа да ағзалар мен мүшелер шалдығады.
Туберкулез таяқшасы ауада бірнеше сағат бойы жерге түспей, қалықтап тұра береді. Егер туберкулездің ашық (жұқпалы) түрімен ауыратын адам ұзақ уақыт нашар желдетілетін орында (пәтер, жұмыс орны, аурухана, абақты, көлік) болса, сол жердің ауасына туберкулез таяқшалары көп таралып, басқа адамдардың тыныс алу ағзаларына енеді. Туберкулез негізінде осындай жолмен жұғады. Мұны ауа-тамшылы деп аталады. Сондықтан туберкулез таяқшаларын жұқтырудан ешбір адам қорғалмаған, себебі ауа барлық адамдар үшін ортақ.
Туберкулез ауруы басталғанда мынандай белгілер білінеді: жөтел, әлсіздік, дене қызуының көтерілуі, кеуде тұсының ауруы, тәбеттің, салмақтың, жұмысқа деген қабілеттің төмендеуі. Туберкулездің осындай негізгі белгілеріне адамдардың көбі көңіл бөліп, дәрігерге қарала қоймайды немесе өз бетімен ем қабылдай бастайды. Одан әрі бұл белгілердің бәрі күшейе түсіп, науқастың қан түкіруі мүмкін.
Туберкулездің алдын алу үшін келесі сақтық шараларын сақтау қажет:
- Туберкулездің белсенді түрімен ауыратын адаммен бірге ауасы тар бөлмеде көп уақыт өткізбеу;
- Туберкулезбен ауыратын адаммен бір бөлмеде жұмыс жасауға мәжбүр болсаңыз, бетперде пайдалану;
- Егер сіздің айналаңыздағы бір адам туберкулезге шалдыққаны жөнінде күдіктенсеңіз, оны дәрігерге қаралуға және толық ем алуға көндіру қажет;
- Науқас жатын бөлмені жиі желдетілуі тиіс – бұл туберкулездің таралуын алдын-алудың маңызды шарттарының бірі.
Осы іс-шаралар науқастың отбасы мүшелерін, әсіресе балаларды, сондай-ақ туысқандарды, әріптестерді және қоғамның басқа мүшелерін туберкулезді жұқтыру мен сырқаттанудан қорғайды.
Туберкулездің алдын алудың сақтық шарттарын мүлтіксіз орындау арқылы Сіз өзіңізді осы дертті жұқтырудан қорғауға толық мүмкіндігіңіз бар екенін әрдайым есіңізде ұстаңыз!