Листериоз – аса қауіпті инфекция!

Листериоз – аса қауіпті инфекция!

Листериоз – қоздырғышы әрқилы жолдармен таралатын зоонозды табиғи-антропургиялық жұқпалы ауру, жүкті әйелдер түсік тастап, нәрестелерде жиі өлім туғызатын, сепсис, баспаға әкеліп соғатын жүйке жүйесінің  жіті сепсисі (менингит) түрінде, жұтқыншақтың лимфа түйіндерін (баспа) мейлінше зақымдайтын клиникалық көріністің полиморфизмімен сипатталады.

Листериоз  қоздырғышы сыртқы ортада айтарлықтай тұрақты: қалыпты және төмен температуралы топырақта, нәжістерде, дәнде, суда, мұзда көптеген айлар, жылдар бойы тіршілік ету қабілеттілігін сақтайды, тіпті тоңазытқышта +4ºС температурада көбейеді, ас тағамдарында (етте, сүтте) ұзақ уақыт сақталып, көбейеді.

Инфекция қоздырғышының көзі болып жиірек үй және ауылшаруашылық жануарлары - қойлар, ешкілер, ірі қара, шошқалар, жылқылар, қояндар, тауықтар, қаздар, үйректер, түйелер; синантроптық кеміргіштер.

Жұғу жолдарының бірнеше түрі бар:

- алиментарлық түрі – жеткіліксіз термиялық өңдеуден өткен сүт және ет тағамдарын пайдалану, синантроптық кеміргіштермен ластанған көкөністер мен суды пайлану;

- жанасу арқылы – бұл механизм жануарларға қарау, ет комбинатында өнімдерді өңдеу барысында, сүт зауытында, құс фабрикасында жиі кездеседі;

- трансмиссиялық түрі буынаяқтылардың шағуы арқылы іске асады;

- аэрогенді – малшаруашылық жайларды тазалау кезінде, құс фабрикалары мен үй жағдайында қауырсын мен мамықты жинау уақытында, ауа - шаң арқылы іске асады;

- вертикальді жұғу жолы сирек кездескенімен, нәтижесі қиындықтарға әкеліп соғады, өйткені іштегі нәрестеге жұғу - түсік тастау, мезгілінен бұрын босану және тоқтап қалған жүктікілікке (замерший плод) әкеледі.

Клиникалық белгілері ересектерде баспа, тамақтың қызаруы, дене қызуының көтерілуі, жөтел, лимфатүйіндердің ұлғаюы, ал процесстің асқынуы барысында  сепсис басталады. Жиі кездесетін клиникалық көрінісі – менингит пен менингоэнцефалит болып табылады.

Листериоз жұқпасынан жүкті әйелдерде түсік, мезгілінен бұрын босану, өлі нәрестенің тууы немесе босанғаннан кейін ұзамай нәрестенің сепсистен және менингиттің асқынуынан өліп қалу қаупі бар.

Алдын алу шаралары – азық-түлік тағамдарын, сумен жабдықтау көздерін кеміргіштерден қорғау. Жұқтыру күдігін тудыратын азық-түлікті қолдануға жол бермеу. Елді мекендерде үй кеміргіштерімен (тышқандар мен егеуқұйрықтар) күресу. Ет және ет өнімдерін арнайы сауда орындарынан сатып алу, тиісті ветеринарлық-санитариялық сараптамадан өткені жайында құжат талап ету.

 Мал күтімімен айналысатын адамдар және шаруа қожалықтардың жұмысшылары жеке бас тазалығын қатаң сақтауы қажет. Жүкті әйелдерді уақытша жануарлармен жанасудан шектеу керек. 

Листериозге күдік тудыратын үй жануарларын оқшаулап, ветеринар маманды шақыртып, тиісті санитариялық-ветеринарлық шараларды жүргізу, оқшауланған жануарлардың тұратын орнын, торларын, науаларын зарарсыздандыру қажет.

Аталған қарапайым алдын алу шаралары әрқашан жадыңызда болсын!