Қазақстанда Омикрон ХВВ нұсқасы анықталған жоқ

Қазақстанда Омикрон ХВВ нұсқасы анықталған жоқ

Соңғы аптада республикада коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылық 4%-ға, 1135-тен 1089 жағдайға дейін төмендеді. 

Тәулігіне оң ПТР нәтижесі бар 200-ге дейін COVID-19 жағдайы және теріс ПТР нәтижесі бар 10-ға дейін COVID-19 жағдайы тіркеледі.

Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес республика және барлық өңірлер жасыл аймақта орналасқан. Осыған сүйене отырып, ҚР-да коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты деп айтуға болады.

Бөлінген штамдардың соңғы реттілігі республикада 100% жағдайда Омикрон нұсқасының айналымы анықталғанын көрсетті. Таратылған ақпаратқа бойынша Қазақстанда Омикрон ХВВ нұсқасы анықталмағанын айта кеткен жөн.

Зерттелген үлгілердің 99,9%-ын құрайтын Омикрон нұсқасы әлемдегі басым штамм болып қала береді.

XBB нұсқасына келетін болсақ, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ақпаратына сәйкес 2022 жылдың қазан айынан бастап әлемнің 38 елінде анықталған Омикрон нұсқаларының бірі, науқастардың ең көп саны Америка Құрама Штаттарында анықталған.

Бүгінгі таңда ДДҰ осы субнұсқаның адам денсаулығына әсерін зерделеу бойынша зерттеулерді жалғастыруда.

Коронавирустың, тұмаудың және ЖРВИ тудыратын вирустардың үздіксіз айналымын ескере отырып, мынадай кеңес береміз:

- уақтылы вакциналау мен ревакциналаудан өту;

- халық көп жиналатын жерлерде бетперделерді пайдалану;

- адамдар көп жиналатын орындарға баруды шектеу;

- қолды тазалау үшін антисептиктерді немесе дезинфекциялық майлықтарды пайдалану.