2022 жылғы Еуразиялық экономикалық одақтың кеден шекарасындағы санитариялық-карантиндік бақылау

2022 жылғы  Еуразиялық экономикалық одақтың кеден шекарасындағы санитариялық-карантиндік бақылау

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында адамдарға, көлік құралдарына және бақылаудағы өнімдерге (тауарларға) қатысты санитариялық-карантиндік бақылау 25 өткізу пунктінде, оның ішінде 5 темір жол өткізу пунктерінде, 17 – халықаралық әуежайларда, 2 – теңіз портында және «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» АҚ бақылау-өткізу пунктінде жүзеге асырылады.

Аса қауіпті және карантиндік инфекцияларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге жол бермеу мақсатында қатынассыз термометрияны міндетті түрде жүргізе отырып, алыс және жақын шетелдерден келетін адамдарды санитариялық-карантиндік бақылау жүзеге асырылуда.

2022 жылы 2 856 997 жолаушы мен экипаж мүшелері термометриямен қамтылды, инфекциялық және инфекциялық емес ауруларға (ЖРВИ, ангина, фарингит) қатысты 53 адам анықталды.

Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды (бақылауды) жүзеге асыру тәртібіне сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін бақылаудағы өнімді (тауарларды) санитариялық-карантиндік бақылау барысында барлығы 48 224,3 көлемінде 2091 партия тексерілді, оның ішінде теміржол өткізу пунктінде – 43 865,1 тонна көлемінде 1 824 партия,  теңіз порттарында 4 359,2 тонна көлемінде 267 партия тексерілді. Талаптарға сәйкес келмейтін өнімді Қазақстан Республикасының аумағына кіргізуге жол берілген жоқ.

Әлемдегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, жұқпалы аурулардың әкелінуі мен таралуының алдын алу мақсатында көлік құралдарында және адамдар көп жиналатын жерлерде маска режимін сақтауды ұсынамыз.