Көміртегі тотығымен улану – адам өміріне қауіпті!

Көміртегі тотығымен улану – адам өміріне қауіпті!

Шымкент қаласында көміртегі тотығымен улану жағдайларының тіркелуі жалғасуда. Уланғандар арасында ересектермен қоса балалар да бар.

2023 жылдың алғашқы он күндігінде қалада көміртегі тотығымен уланудың 11 жағдайы тіркелді. 2022 жылы 102 жағдай тіркелген.

Көміртегі тотығымен улану жағдайларын тіркеудің өсуі ақаулы газды су жылытқыштарын, қазандықтарды, пештерді және каминдерді пайдаланумен байланысты.

Көміртегі тотығы қауіпті, өйткені ол көрінбейді және сезілмейді, оның иісі де, түсі де жоқ, сондықтан оның екінші атауы – «тілсіз жау». Тыныс алу жолына түскеннен кейін көміртегі тотығы молекулалары қанға еніп, гемоглобин молекулаларымен байланысады, нәтижесінде карбоксигемоглобин түзіледі, бұл оттегінің тасымалдануына кедергі келтіреді және оттегінің жетіспеушілігі тез дамиды.

Көміртегі тотығымен улану кезінде келесі белгілер пайда болады:

- жалпы әлсіздік;

- бас ауруы;

- самайдың солқылдауы;

- құлақтың шыңылдауы;

- бас айналу;

- ауа жетіспеушілігі, ентігу;

- көру қабілетінің бұзылуы-жыпылықтау, көздің алдындағы нүктелер;

- құрғақ жөтел;

- тыныс алудың жиілеуі.

Көміртегі тотығымен улану кезінде зардап шеккен адамға тез арада алғашқы көмек көрсету маңызды:

- зардап шегушіні мүмкіндігінше тезірек таза ауаға шығару керек;

- тыныс алуды жеңілдету керек – тыныс алу жолдарын тазарту, киімді шешу, тілдің кетіп қалуына жол бермеу үшін зардап шегушіні бір қырымен жатқызу керек;

- тыныс алуды қалпына келтіру, нашатыр иіскету, кеудені ысқылап, аяқ-қолды жылыту керек;

- жедел жәрдем шақыру. Егер адамның жағдайы бір қарағанда қанағаттанарлық болса да, оны дәрігер қарап-тексеруі керек. Себебі уақтылы басталған ем шаралар көміртегі тотығымен уланудан болатын асқынулар мен өлім қаупін азайтады.

Маңызды❗

Газ жабдығының, қауіпсіздік автоматикасының ақауын уақтылы анықтау және жою, газдың шығуын жою үшін үй ішіндегі газ жабдықтары мен газ тарату жүйелеріне техникалық қызмет көрсету шартын жасау қажет.

Жылыту маусымы басталар алдында жылыту және су жылыту жабдықтарының жарамдылығын тексеру қажет. Түтін құбырлары мен мұржаларды дұрыс күйде ұстаңыз. Әр жолы газ жабдығын қоспас бұрын тартқышты тексеріңіз. Егер пештің немесе газ құрылғысының ақауы анықталса, мамандарға хабарлау керек.

Өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығына сақ болыңыз!