
Бүгін Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінде 2022 жылғы қызмет қорытындылары және 2023 жылға арналған міндеттер бойынша ведомство алқасының кеңейтілген отырысы өтті.
Алқа жұмысына денсаулық сақтау вице-министрі А.Есмағамбетова, Комитет төрағасы Н.Сәдуақасов, сондай-ақ Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің және аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінің, Ұлттық сараптама орталығының басшылары қатысты.
Вице-министр А.Есмағамбетова өзінің кіріспе сөзінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз етудің ерекше маңыздылығын атап өтті. Республикадағы эпидемиологиялық жағдай, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің аумақтық органдары басшыларының жұмыс сапасы мен ашықтығы туралы айтып берді.
Бұдан әрі Комитет төрағасы Н.Сәдуақасов санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің негізгі жетістіктері мен өзекті міндеттері туралы баяндады. Атап айтқанда, ол Мемлекет басшысының кәсіпкерлік қызмет саласында «таза парақтан» жаңа реттеу саясатын енгізу жөніндегі тапсырмасын іске асыру шаралары туралы айтып өтті.
«ХСЭС саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалаудың жаңа критерийлері және бақылау мен қадағалауды жоспарланып отырған автоматтандыруды ескере отырып, тексеру парақтары қайта қаралып, бекітілді, сондай-ақ «Биологиялық қауіпсіздік туралы» Заңды іске асыру үшін заңға тәуелді актілерді әзірлеу және қабылдау жөніндегі жұмыс аяқталды», - деп хабарлады төраға.
Бұдан басқа, өңірлердің санитариялық-эпидемиологиялық қызметінің 2022 жылғы жұмыс нәтижелері туралы аумақтық департаменттердің басшылары баяндады. Өңірлердің проблемалық мәселелері мен шешу жолдары талқыланды.
Алқа отырысының соңында вице-министр А.Есмағамбетова әріптестеріне коронавирустық инфекциямен күреске қосқан үлесі үшін алғыс айтып, қабылданған алдын алу шаралары есебінен эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтанғанын атап өтті. Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар тапсырмалар берді.