Қызылорда облысында атмосфералық ауаға жүргізілген мониторинг нәтижелері

Қызылорда облысында атмосфералық ауаға жүргізілген мониторинг нәтижелері

Ауаның ластануы кез-келген адамның денсаулығына әсер ететін маңызды экологиялық факторлардың бірі болып табылады. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету мақсатында атмосфералық ауаның жай-күйі тұрақты бақылауда.

Қызылорда облысында атмосфералық ауаға ұйымдастырылған шығарындылары бар 3 нысан бақылауда. Барлық көздерден атмосфералық ауаға 9 ластаушы зат бөлінеді, оның ішінде төртеуі 1-2 қауіптілік сыныбына жатады.

Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің аумақтық органдары тұрақты негізде елді мекендердің атмосфералық ауасының жай-күйіне санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізеді. Атмосфералық ауадан сынама алу жұмыстары магистральды көшелерде, қаланың қоныстану және өнеркәсіп аймақтарында, сондай-ақ облыстың барлық аудандарында жүзеге асырылады.

Мұндағы мақсат адам денсаулығына тiршiлiк ету ортасы факторларының (химиялық, физикалық, биологиялық, әлеуметтік) әсер етуі туралы дәйекті ақпарат алу, уланулардың пайда болуының және инфекциялық аурулардың, кәсіптік аурулардың өршуінің алдын алу бойынша орындалатын іс-шаралардың тиімділігін бағалау, олардың пайда болуын болжау мүмкіндігі болып табылады.

2022 жылы атмосфералық ауаның 840 сынамасы алынды, оның ішінде санитариялық нормативтерден асып кету деректері анықталған жоқ.