
Атырау облысында ағымдағы эпидемиологиялық маусымнан бастап, тұмау аурушаңдығының 37 жағдайы тіркелді.
Тұмаудан басқа өңірде риновирус, РС вирус, парагрипп сияқты тұмау емес вирустар айналымда жүр.
Тұмаудың тән клиникалық көріністері: дене қызуының күрт көтерілуімен (38°C-тан жоғары), қалтыраумен, бас ауруымен, бұлшықет ауруымен, жалпы әлсіздікпен, жөтелмен бірге жүретін аурудың кенеттен жедел басталуы. Тұмау несімен қауіпті? Тұмау өзінің асқынуларымен өте қауіпті: пневмония, бронхит, трахеит, отит, жүрек-тамыр жүйесінің, жүйке жүйесінің асқынулары (менингит, менингоэнцефалит, энцефалит, невралгия, полирадикулоневрит). Тұмау көбінесе созылмалы аурулардың өршуімен бірге жүреді.
Тұмаудың алдын алудың барынша тиімді әдісі – вакцинация. 2022 жылы жергілікті бюджет қаражатына Ресейде өндірілген «ГРИППОЛ +» вакцинасының 65000 дозасы сатып алынды.
Тұмау мен ЖРВИ-дің алдын алу мақсатында:
- адамдар көп жиналатын жерлерде және қоғамдық көліктерде болу уақытын қысқартуды;
- адамдар көп жиналатын жерлерде медициналық бетперде тағуды;
- түшкіру немесе жөтел сияқты белгілері бар адамдармен тығыз байланыста болудан аулақ болуды ұсынамыз.
Өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығын сақтаңыз!