ЖРВИ мен тұмаудың эпидемиологиялық жағдайы туралы

ЖРВИ мен тұмаудың эпидемиологиялық жағдайы туралы

Ақтөбе облысы бойынша 40-52 апта аралығында ЖРВИ-дің  25223 жағдайы тіркелді (АК – 2765,29), оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 13789 жағдай (АК-692,82), сырқаттанушылықтың үлес салмағы 54,67%, 1 жасқа дейінгі балалар арасында 830 жағдай (10,12), үлес салмағы 3,29%; оқушылардың үлес салмағы 5,44% немесе 1382 жағдайды құрады.

Эпидемиологиялық маусым басталғаннан бері 2102 зертханалық сынамадан тұмау вирустары бар 256 (12,17%) оң сынама анықталды, оның ішінде 236 (92,1%) жағдайда В типті тұмау және 20 (7,8%) жағдайда А/H1N1-pdm09 типті тұмау анықталды.

Барлық тіркелген 256 (АК – 28,06) тұмау жағдайының ішінде  123-і (48,04%) жүкті әйелдер арасында және 88-і (34,3%) 14 жасқа дейінгі балалар арасында.

Тұмау емес вирустарға (парагрипп, аденовирус, риновирус, МС вирусы) 291 үлгі зерттелді, нәтижесінде 7 МС вирусы, 12 риновирус және 35 аденовирус анықталды.

Алдағы мерекелерді ескере отырып, тұмау мен ЖРВИ алдын алудың негізгі шараларын есте ұстаған жөн, мысалы:

- Науқас адамдармен байланысты шектеңіз, олардың оқшаулануын қамтамасыз етіңіз;

- Адамдар көп жиналатын орындарға баруды, әсіресе жабық кеңістіктерде болуды шектеңіз;

- Жөтелгенде, түшкіргенде және сіңбіргенде аузыңыз бен мұрныңыздыорамалмен жабыңыз, айқайламауға, сілекей шашпауға, құшақтамауға немесе сүймеуге тырысыңыз, өйткені шырыш пен қақырық тамшылары инфекцияның негізгі көзі болып табылады;

- Бөлмені үнемі желдетіп отырыңыз, бөлмелерге жиі ылғалды тазалау жүргізіңіз, ортақ қолданыстағы заттардың (есік тұтқалары, крандар және т.б.) және барлық нәрселердің беткі жағын үнемі сүртіңіз;

- Қолды жиі және мұқият жуыңыз, қолыңызды үнемі дымқыл гигиеналық және дезинфекциялық құралдармен өңдеңіз.