Көлік кәсіпорындарында ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу

Көлік кәсіпорындарында ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу

Елімізде ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанушылықтың күрт өсуі байқалады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда айтарлықтай жоғары. Осыған байланысты «2022 – 2023 жылдардағы эпидемиялық маусымға тұмау және ЖРВИ бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізу туралы» Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің 2022 жылғы 19 қыркүйектегі №30 қаулысына сәйкес ағымдағы жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында тұмаудың, тұмаудан кейінгі асқынулардың алдын алу мақсатында көлік объектілері қызметкерлерінің арасында белсенді профилактикалық, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Шаруашылық кәсіпорындары мен көлік ұйымдарының басшыларына қызметкерлерге тұмауға қарсы вакцинация жүргізу қажеттілігі туралы ұсынымхаттар жолданды, кеңестер мен акциялар ұйымдастырылды. 23 семинар-кеңес, 21 акция, 31 дәріс өткізілді, өңірлік баспа басылымдарында 2 мақала жарияланды, 424 жадынама таратылды.

Теміржол, әуе көлігі кәсіпорындарындағы қызметкерлер мен жұмысшылардың жалпы санынан 4 327 адам тұмауға қарсы вакцинацияланды, бұл 17,9% құрады.

Олардың ішінде тұрғылықты жері бойынша 2150 адам вакцинацияланды, жергілікті бюджет қаражатынан - 58 адам (12 медицина қызметкері, 8 жүкті әйел, созылмалы ауруы бар 38 адам) және 2119 адам жұмыс беруші мен медициналық мекеме арасындағы шарт негізінде екпе алды.

ЖРВИ және тұмаудың алдын алу бойынша ұсынымдар:

- үй-жайларды үнемі желдету;  

- таза ауада серуендеу;

- күнделікті ылғалды тазалаумен бөлмені таза ұстау;

- тұмау және ЖРВИ эпидемиялар кезеңінде маска режимін сақтау;

- адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болу;

- қоғамдық орындарға барғаннан кейін қолды мұқият жуу.