Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы «таза парақтан» реттеу

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы «таза парақтан» реттеу

Бизнесті және бәсекелестікті тиімді дамытуға жағдай жасау, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы реттеуші талаптарды қысқарту және оңтайландыру үшін Комитет бизнесті «ақылды реттеудің» жаңа жүйесін енгізу бойынша жұмыс жүргізуде. «Таза парақтан» реттеу арқылы бақылау мен қадағалауды профилактикалық бақылауға барынша көшіру көзделген, онда бұзушылықтар анықталған кезде бақылау объектісіне әкімшілік жауапкершілікке тартылмай, оларды жою жөнінде ұсынымдар беріледі.

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында жаңа тәсіл тек рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеруді және нақты фактілер мен мән-жайлар бойынша тағайындалатын жоспардан тыс тексерулерді көздейді. Тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін тексерулер жойылады.

Бұл ретте, әкімшілік істер қозғамай жедел ден қою шараларын (қауіпті қызметті тоқтата тұру, қауіпті өнімді алу және т.б.) – қадағалау функциясын қолдану арқылы қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып, профилактикалық бақылауды күшейту ұсынылады.

Тергеп-тексеру сияқты бақылаудың жаңа нысанын енгізу кәсіпкерлік субъектілерін құқыққа қайшы жауапқа тарту мүмкіндігін болдырмай, заңнаманы шынайы бұзушыларды анықтауға мүмкіндік береді.

Объектіге бармай-ақ профилактикалық бақылаудың жаңа түрлері енгізілуде, бұл қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарламалардың мониторингі, өндірістік бақылау мониторингі, санитариялық-эпидемиологиялық аудит нәтижелерінің мониторингі, оның нәтижелері бойынша бара отырып, профилактикалық бақылау жүргізілетін болады.

Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде өнімді (тауарларды) тексеру, бақылау сатып алу, жедел реттеу шараларын қолдануға жол берілетін қызмет салаларын айқындау ретінде бақылаудың дербес нысаны енгізіледі.

Сондай-ақ бақылау және қадағалау және есеп беру субъектілерін іріктеу кезінде тәуекелдерді бағалау мен басқаруды автоматтандыру жоспарлануда.

Кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптар тізілімі (Тізілім) қалыптастырылады, ол кәсіпкерге бизнесті жүргізудің барлық құқықтық базасымен танысуға мүмкіндік беретін бизнеске қойылатын барлық талаптардың тізбесін қамтитын бірыңғай база болып табылады.

Комитет «Қоғамдық тамақтану» саласы бойынша Тізілімді қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізді, оның қорытындысы бойынша 2023-2024 жылдары санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды оңтайландыру жөніндегі нормативтік құқықтық базаны кезең-кезеңімен жетілдіру жүргізілетін болады.

Бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеу, есептілікті ұсыну кезінде тәуекелдерді басқару жүйесін қалыптастыру үшін тәуекел дәрежесінің өлшемшарттары негізінде мемлекеттік бақылау жүйесін автоматтандыру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Цифрландырудың сервистік моделі шеңберінде «Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау» ақпараттық жүйесін енгізу жөніндегі іс-шаралар өткізілуде.

Осы міндеттерді іске асыру бизнес-ортаны реттеудің тиімділігін арттыруға, олардың іскерлік белсенділігін ынталандыру мақсатында кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттеушілік нормативтік құқықтық базаны жетілдіруге мүмкіндік береді.