Елордадағы КВИ, тұмау және ЖРВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай

Елордадағы КВИ, тұмау және ЖРВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай

24 қазаннан бастап елордада КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты емес, тәулігіне 38-ден 79-ға дейін КВИ жағдайы тіркеледі.

Желтоқсан айында (22.12.2022 ж. жағдай бойынша) қарашаның ұқсас кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылық деңгейі 3,6 есеге (408 жағдайдан 1485 жағдайға дейін) өсті.

Сырқаттанушылықтың өсу деңгейіне қарамастан, Астана қаласы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес 10 тамыздан бастап «жасыл аймақта» қала бермек.

Соңғы аптада (а.ж. 15-21 желтоқсан аралығында) сырқаттанушылықтың алдыңғы аптамен салыстырғанда 1,1 есе ( 8-14 желтоқсан аралығында), яғни 100 мың тұрғынға шаққанда 38,7-ден 43,3-ке дейін ұлғаюы тіркелді.

Осы кезеңде 540 КВИ + жағдайы тіркелді, өткен аптада 487 КВИ + жағдайы тіркелді және орташа тәуліктік тіркеу 77 жағдай деңгейінде.

Өткен тәулікте КВИ-дің алғашқы зертханалық расталған 78 жағдайы тіркелді.

Бұрынғыдай, COVID-19 індеті барлық жастағы адамдар тобына, әсіресе ересек тұрғындарға әсер етеді.

Желтоқсан айында COVID-19 бойынша  барлық тіркелген жағдайлар саны (а.ж. 1-22 желтоқсан аралығында) – 1485, екпе ала отырып, ауырып қалғандар  – 307, І компонент - 0 адам, ІІ компонент -211 адам (оның ішінде ІІ компонентті алған күннен бастап 6 айдан астам уақыт өткен науқастар – 204, ревакцинацияланған – 96 (оның ішінде ревакцинациядан кейін 6 айдан астам уақыт өтті – 73).

Қазіргі уақытта Астана қаласында ЖРВИ/тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай сырқаттанушылықтың маусымдық өсуімен сипатталады.

2022/2023 жылғы эпидемиологиялық маусымның соңғы 51 аптасында елордада 100 мың тұрғынға шаққанда 576,5 аурушаңдық көрсеткішімен ЖРВИ-дің 7 147 жағдайы тіркелді. Өткен аптамен салыстырғанда сырқаттанушылықтың 1% - ға өсуі байқалады (7114 жағдай, көрсеткіш – 573,8).

Жас құрылымы бойынша ең көп сырқаттанушылық 14 жасқа дейінгі балаларға тиесілі, олар барлық сырқаттанушылықтың 52%-ын құрайды, оның ішінде 1 жасқа дейінгі балалар – 8,8 %, жүкті әйелдер - 4%.

Қаладағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау үшін 8 медициналық ұйымда тұрақты негізде эпидемиологиялық қадағалау күзеті қамтамасыз етіледі, олар жыл ішінде тұмаудың ұқсас белгілері бар науқастардан іріктеп сынама алуды жүргізеді.

Мәселен, ағымдағы жылдың 1 қазанынан бастап, яғни 2022/23 жылдардағы эпидемиологиялық маусымның басынан бастап ЖРВИ белгілерімен жүгінген пациенттерден 614 сынама іріктеп алынды (550 ауруханаға жатқызылған және 64 амбулаториялық науқас), 272 оң нәтиже анықталды, оның ішінде 1 микст жағдайы (а типі H1N1 pdm09 + В типі): 

- В-200 типті тұмау вирусы,

- А типті вирус (H1N1 pdm09) - 71,

- А типті вирус (Н3N2) – 1 жағдай.

215 оң жағдайдың ішінде COVID-19 вирусы – 5 жағдайда ПТР әдісімен оқшауланған. Тұмауға арналған басқа теріс материалдар басқа вирустарға зерттеліп, сәйкесінше келесі нәтижелер алынды: риносинтициальды вирус – 21, бокавирус – 14, риновирус – 14, аденовирус – 7, микст инфекциясы (екі немесе одан да көп вирус) – 4, 3 типті парагрипп – 3, 4 типті парагрипп – 2, метапневмовирус – 3, коронавирус (HCoV-OC43) – 5.

Тұмау, ЖРВИ және коронавирустық инфекцияның алдын алу мақсатында елордалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мыналарды ұсынады:

- науқас адамдармен байланысты және адамдар көп жиналатын орындарға баруды шектеңіз;

- бетперделер мен антисептиктерді қолданыңыз;

- бөлмелерді желдетіп, үнемі ылғалды тазалап отырыңыз;

- медициналық көмекке уақтылы жүгініңіз.

Сондай-ақ, біз азаматтарды COVID-19-ға қарсы вакцинаны дереу алуға шақырамыз. Вакцинация және ревакцинация әлі де инфекциядан жалғыз қорғаныс болып қала бермек.