Үй жануарларын ұстау және серуендету қағидалары

Үй жануарларын ұстау және серуендету қағидалары

Алматы облысында үй жануарларын ұстау және серуендету қағидалары бекітілді. Жаңа қағидалар облыстық мәслихаттың «Алматы облысының елді-мекендерінің аумағында үй жануарларын ұстау және серуендету қағидаларын бекіту туралы» 2022 жылғы 29 қарашадағы № 30-142 шешімімен бекітілді.    

Иттер олардың өз бетінше серуендеуіне және адамдар мен жануарларға шабуыл жасауына жол берілмейтін жағдайларда ұсталады. Қауіпсіздік үшін олар үйшікте болуға не болмаса байлаулы тұруға тиіс.

Үй жануарларын төмендегідей орындарда ұстауға рұқсат етілмейді:

  • қоғамдық орындарда;
  • жалпы пайдалану орындарында;
  • үй маңындағы аумақтарда (жеке тұрғын үйлердің маңындағы аумақтардан басқа).

Үй жануарларын серуендету адамдардың және жануарлардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілген, үй жануарларының адам мүлкіне зиян келтіруінен қорғалған жағдайда жүзеге асырылады.

Осы қағидаларды сақтау азаматтардың денсаулығына зиян келтірудің, сондай-ақ жануарлардан берілетін жұқпалы, паразиттік аурулардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Еске салайық! Жануарлардан берілетін (құтыру, эхинококкоз, токсоплазмоз) жұқпалы және паразиттік аурулардың алдын алу үшін профилактикалық егулерді жүргізу қажет.

Жануарларды ұстау қағидаларын бұзғаны үшін полиция қызметі тарапынан он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу түрінде әкімшілік жауапкершілік (Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V Кодексінің 407-2-бабының негізінде) көзделген.   

(Фото ашық дереккөздерден алынды)