Ағымдағы жылдың 11 айында Жамбыл облысында «А» вирусты гепатитінің 15 жағдайы тіркелді, 2021 жылдың ұқсас кезеңінде 3 жағдай тіркелген.
Сонымен қатар, науқастардың 80% - ы 14 жасқа дейінгі балалар және 20% - ы 15-17 жас аралығындағы жасөспірімдер. Барлық науқастарда бұл инфекцияға қарсы екпесі болмаған. Облыста «А» гепатитінің өршуі мен топтық жағдайы болған жоқ.
«А» вирусты гепатиті инфекциясы көзі науқас адамнан жұғады екенін және ауру жуылмаған көкөністер, жемістер немесе ластанған су, лас қолдар арқылы берілетінін еске салу қажет.
Ескертетін жайт, Жамбыл облысында көпжылдық динамикада жіті «А» вирусты гепатитімен сырқаттанушылық жалпы төмендеу үрдісімен сипатталады. Бұл инфекция циклдік сипатқа ие: 3-5 жыл аралығымен аурудың кезеңді көтерілуі және төмендеуі.
«А» гепатитінің алдын алудың негізгі шараларының бірі – «А» гепатитіне қарсы вакцинация және жеке гигиенаны сақтау.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 24.09.2020 жылғы № 612 қаулысына сәйкес екпелер 2 жастағы балаларға жоспарлы тәртіппен және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша «А» гепатитінің ошақтарында жүргізіледі.
Біздің елімізде, оның ішінде Жамбыл облысында да «А» гепатитіне қарсы вакцинация 2001 жылы басталды. Нәтижесінде халық арасында, оның ішінде балалар арасында сырқаттанушылық бірнеше есе төмендеді. Егер 2001 жылы «А» гепатитінің 2261 жағдайы тіркелген болса (100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш - 228,5), онда 2022 жылғы 11 айында «А» гепатитінің 15 жағдайы тіркелген (көрсеткіш - 100 мың тұрғынға шаққанда 1,31), яғни сырқаттанушылықтың 175 еседен астам төмендеуі байқалады. Бұл вакцинацияның өте жоғары тиімділігін дәлелдейді.
(фото ашық дереккөздерден алынды)