БҚО-да туберкулездің 301 жағдайы тіркелді

БҚО-да туберкулездің 301 жағдайы тіркелді

Батыс Қазақстан облысында жыл сайын белсенді туберкулездің 300-ге дейін жаңа жағдайы тіркеледі. 2022 жылдың 11 айында өңірде туберкулездің 301 жағдайы тіркелді. Өткен жылмен салыстырғанда сырқаттанушылық 12,3%-ға өсті. Аурудың көбі 35-44 жас аралығындағы адамдарда тіркеліп отыр.

Туберкулез - бұл туберкулез бактериялары ағзаға енген кезде дамитын жұқпалы ауру. Бұл ауру негізінен өкпеге әсер етеді, бірақ мидың, оның қабықтарының, сүйектердің, терінің, буындардың, бүйректің, көздің, жыныс мүшелерінің, ішектің және басқа да мүшелердің туберкулезі болуы мүмкін. Туберкулез - бұл өте кең таралған ауру.

Туберкулез қоздырғышы ауа-тамшы жолымен (түшкіру және жөтелу кезінде), ауа-шаң жолымен (науқас болған шаң үй-жайларда), тамақ арқылы (туберкулез жұқтырған жануарлардан алынған сүт өнімдерін тұтыну арқылы) жұғады.

Туберкулез дамыған кезде жөтел, әлсіздік, дене температурасының жоғарылауы, тершеңдік, кеуденің ауыруы, тәбеттің төмендеуі, салмақ жоғалту, шаршау сияқты белгілер пайда болады.

Жөтел - туберкулезге тән симптом. Егер ол 2 аптадан астам уақытқа созылса, міндетті түрде медициналық мекемеге барып, туберкулезге тексеруден өту керек.

Туберкулездің алдын алу шаралары:

  1. Салауатты өмір салтын ұстану;  
  2. Толыққанды, дәрумендерге бай тағамдарды қолдану;
  3. Жеке гигиена ережелерін сақтау;
  4. Жөтел этикетін сақтау;
  5. Жылына 1 рет флюорографиялық тексерістен өту;
  6. Балаларды туберкулезге қарсы екпемен вакцинациялау және ревакцинациялау.

(фото ашық дереккөздерден алынды)