2019 жылғы наурыздың 14-15 күндері Атырау обаға қарсы күрес станциясының «Обагер» мәдени-оқыту орталығында мекеменің құрылғанына 80-жылдық мерейтойына арналған салтанатты мәжіліс және халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Шараның құрметті қонақтары болып Қазақстанның батыс аймақтарының обаға қарсы күрес мекемелері (Орал, Ақтөбе, Маңғыстау обаға қарсы күрес станциялары), Ресей Федерациясының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау Федералдық қызметінің» өкілдері (Ресейлік обаны ғылыми зерттеу «Микроб» институты, Астрахан обаға қарсы күрес станциясы), станцияның ардагерлері қатысты. Қатысушылардың қатарында Мазғұт Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығы, «QazMed» Медицина және онымен сабақтас салалар кәсіподағы» Республикалық қоғамдық бірлестігі, Атырау облысы бойынша Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті және көліктегі басқармасы, СЭСжМ Ұлттық орталығының филиалы басшылары, станция және обаға қарсы күрес бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты.
Конференцияның алғашқы күні станция ұжымының салтанатты жиналысы өтіп, онда Атырау ОҚКС басшысы Хамзин Т.Хмекеменің құрылуы және дамуының тарихы жөнінде баяндама жасап, бүгінгі күнгі жетістіктеріне тоқталды. Облыстың обаға қарсы күрес қызметіне еңбектері сіңген станцияның қызметкерлері ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің, «QazMed» Республикалық салалық кәсіподағы бірлестігінің, облыс әкімі Н.Ноғаевтың, облыстық денсаулық сақтау басқармасының Құрмет грамоталары, алғыс хаттарымен және көтермелеу сыйлықтарымен марапатталды. Атырау ОҚКС-ның құрылғаны және дамуының тарихы туралы мерейтой басылымының тұсаукесері өтті.
Аталған күннің екінші жартысында және 15 наурыз күні, станцияның 80-жылдық мерейтойына орай «Аса қауіпті инфекциялардың қоздырғыштарына эпидемиологиялық мониторинг. Төтенше жағдаймен сипатталатын заманауи қауіп-қатерлерге жедел ден қою» тақырыбындағы ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді. «РосНИПЧИ «Микроб», Астрахан, Орал, Ақтөбе, Маңғыстау обаға қарсы күрес станциялары, М. Айқымбаев атындағы Қазақ КжЗИҒО, Атырау ОҚКС-сы мамандарының 18 тақырыптық баяндамалары таныстырылды.
Мәдени бағдарламасы аясында конференция қонақтары Атырау обаға қарсы күрес станциясының тарихи мұражайында болып, Атырау облысы Махамбет ауданында орналасқан «Сарайшық» мемлекеттік тарихы-мәдени мұражайына барды.
Ғылыми-практикалық конференцияда жинақталған материалдар «АтырауОҚКС-ның 80 жылдық мерейтойының ғылыми-практикалық конференциясының Жинағы» болып басылымға берілді.



