Кейде адамдар қауіпсіздік шараларына жете көңіл бөлмей, өз денсаулықтары мен өмірлеріне үстірт қарайды. Кейін сол бейқамдықтарының орнын толтыра алмай қиналады. Көктемгі және жазғы уақытта табиғат аясына демалысқа барарда маса мен кене шағу қаупін неғұрлым азайтатын киімдер мен арнайы қорғаныс құралдарын алып шығуды ұмытпау керек. Есіңізде болсын! Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеңіз!