Адамның ең проблемалы инвазиясының бірі - эхинококкоз. Бұл ауыр созылмалы ағыммен және эхинококкалық кисталардың әртүрлі ағзалар мен тіндері пайда болуымен сипатталатын гельминтоз. Ауру көбіне еңбек ету қабілетінің жоғалуы мен мүгедектікке алып келетін ауыр асқынуларды тудырады.
Республикада эхинококкозбен сырқаттанушылық көрсеткіші 12% - ға төмендеді: 2019ж.- 100 мың адамға шаққанда 0,9, 2018 жылы -1,03. 14 жасқа дейінгі балалардың үлес салмағы аурудың жалпы сомасында 27% - ға дейін ұлғайды (2018 жылы-24%). Республикалық көрсеткіштен арту (100 мың адамға шаққанда 0,9) Түркістан, Алматы, Қызылорда, Жамбыл облыстарында және Шымкент қаласында белгіленді.
Эхинококк адам организмінде тек қана дәрнәсілдер түрінде паразиттік тіршілік етеді, бауыр, өкпе, бас миы, жүрек және басқа да ағзаларды зақымдайды. Оның дәрнәсілдері кисталар құрып ағзаның тіндеріне енеді және көбеиеді. Емдеу паразиттің орналасуына, клиникалық көрінісіне және науқастың жалпы жағдайына байланысты. Хирургиялық араласу емдеудің негізгі әдісі болып табылады.
Негізінен адамдар мен ауыл шаруашылығы жануарлары үшін инфекция көзі қоздырғыштың микроскопиялық жұмыртқаларын сыртқы ортаға бөлетін жұқпалы иттер болып табылады. Жұмыртқалар иттердің жүнінде, олардың нәжістерінде, жерде немесе шөптерде (ит жатқан жерде), ашық су қоймалары суында (иттердің нәжістері түсуі мүмкін) болуы мүмкін. Эхинококтар жуылмаған жемістер мен көкөністерді қолданғанда, шикі және термиялық сапасыз дайындалған етті қолданғанда организмге түсуі мүмкін.
Адам эхинококтардың жұмыртқаларын сумен, тамақпен жұтқан кезде немесе лас қолымен енгізгеннен кейін ауруды жұқтырады. Эхинококк жұмыртқалары сондай - ақ малдың жүніне (иттер ластаған жерден), ал одан- малды қырқу, сауу, бағу немесе теріні өңдеу кезінде адамның қолына түсуі мүмкін.
Алдын алу шаралары: адамның эхинококкозды жұқтыруын алдын алуда негізгісі жеке гигиена ережелерін сақтау, балалардың иттермен жақын қарым-қатынасын шектеу, көкөністер мен жемістерді мұқият жуу, жануарлармен қарым-қатынаста болған соң қолды жуу болып табылады. Бұдан басқа, үй жануарларын мезгіл-мезгіл ветеринариялық дәрігердің тексеруі, паразитке қарсы дәрілермен профилактикалық емдеу жүргізуі қажет. Сондай-ақ жұқпалы үй жануарларының ет қалдықтарын кәдеге жаратуға бағытталған ветеринариялық іс-шараларды жүргізу қажет (олармен иттерді азықтандыруға жол бермеу). Қарапайым алдын алу шараларын сақтау денсаулықты сақтауға және ауруды болдырмауға көмектеседі.