Шымкент қаласындағы балабақшаларға жүргізілген тексерулердің қорытындысы

Шымкент қаласындағы балабақшаларға жүргізілген тексерулердің қорытындысы

2022 жылдың 11 айында Шымкент қаласы бойынша ерекше тәртіппен 3 балабақша тексерілді. Жүргізілген тексерулер барысында төмендегідей кемшіліктер анықталды:

- кейбір топтарда жиһаздың тұтастығы бұзылған;

- ойыншықтар жуылмайды, ойыншықтарды жууға және өңдеуге арналған ыдыстар таңбаланбаған;

- үй-жайларда бір типті шамдар орнатылмаған, қорғаныш құралдармен қапталмаған;

- люминесцентті шамдарды сақтау және кәдеге жарату үшін үй-жай немесе арнайы орын көзделмеген;

- жұмыртқаны өңдеуге және сақтауға қойылатын талаптар сақталмайды;

- дайын тағамдар мен зертханалық зерттеуге алынған сынамалар,  дезинфекциялау құралдарының нәтижелері қолданыстағы гигиеналық талаптарға сәйкес келмейді;

- пайдаланылатын шикізатқа, тамақ өнімдеріне олардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын сәйкестік туралы құжаттар ұсынылмаған;

- тамақ өнімдерін қабылдау бойынша бракераж журналы ұсынылмаған;

- өндірістік бақылау бағдарламасы ұйымдастырылмаған;

- балаларға сатып алынатын өнімге олардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын сәйкестік туралы құжаттар (ойыншықтар, жиһаз, мектеп-жазу керек-жарақтары, жеке гигиена құралдары және т.б.) ұсынылмаған;

- жинау мүкәммалы (легендер, шелектер, жөкелер, шүберектер) толық таңбаланбаған және жекелеген үй-жайларға (санитариялық тораптар, медициналық пункт, ас блогының өндірістік үй-жайлары, топтық үй-жайлар) бекітілмеген, оларды арнайы бөлінген үй-жайларда (орындарда) сақтау ұйымдастырылмаған.

Жүргізілген тексерулердің нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы санитариялық ұйғарымдар берілді, сондай-ақ лауазымды және жауапты тұлғаларға әкімшілік шаралары қолданылды -жалпы сомасы 658545 теңгеге 5 айыппұл салынды.

(фото ашық дереккөздерден алынды)