Алматыда ғылымға негізделген өнім шығару мәселелері талқыланды

Алматыда ғылымға негізделген өнім шығару мәселелері талқыланды

12 желтоқсанда Алматы қаласында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Нұрқан Сәдуақасов «Ведомствоаралық ғылыми кластер ғылымға негізделген өнім шығарудың негізі ретінде» атты республикалық семинардың жұмысына қатысты.

Семинар барысында қатысушылар молекулалық биология, вирусология, микробиология, биотехнология және гендік инженерия саласындағы жаңа ғылыми әзірлемелермен және үздік тәжірибелермен бөлісті.

Өз сөзінде Н. Сәдуақасов биологиялық тәуекелдерді басқару және елдегі биологиялық қауіпсіздік жүйелерін дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.