Қарағанды өңіріндегі атмосфералық ауаны бақылау нәтижелері туралы

Қарағанды өңіріндегі атмосфералық ауаны бақылау нәтижелері туралы

Қарағанды облысы Республиканың ең ірі өнеркәсіптік облыстарының бірі болып табылады, облыс аумағы 428 мың шаршы км құрайды.

Облыстың өнеркәсіптік әлеуеті өсіп, қоршаған ортаға техногендік әсер етуде. Қарағанды облысының қоршаған ортасының негізгі ластаушылары металлургия кешенінің кәсіпорындары — олар "АрселорМиттал Теміртау" АҚ, "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС, "Қазақмыс Смэлтинг" ЖШС, сондай—ақ пайдалы қазбаларды өндіру және өңдеу жөніндегі кәсіпорындар - "Жәйрем КБК" АҚ, "Теміртау электро-металлургия комбинаты" АҚ, "Шұбаркөл Көмір"АҚ, "Арселор Миттал Теміртау" АҚ Көмір департаментінің шахталары, құрылыс материалдарын өндіру жөніндегі кәсіпорындар — "Орталық Азия Цемент", жылу энергиясын өндіру жөніндегі кәсіпорындар — "Қазақмыс Энерджи" ЖШС, "Қарағанды Энергоцентр" ЖШС (ЖЭО-1, ЖЭО-2).

2022 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша облыс бойынша 21 681 атмосфералық ауа сынамасы (2021 жылы 21 400 сынама) зерттелді, оның ішінде ШРК – 750 сынама (2021 жылы 791 сынама) асып түсті, бұл 3,4% құрайды. Жезқазған қаласы бойынша атмосфералық ауадағы ластаушы заттардың ең көп пайызы - 5%, Қарағанды қ. Қазыбек би атындағы ауданында - 4,5%, А. Бөкейхан және Теміртау қ. – 3%. Атмосфералық ауаның ингредиенттері бойынша ШРК-дан жоғары күйе, тоқтатылған заттар (шаң), азот диоксиді, көміртегі тотығы, және аммиак болып отыр.    

"Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК Қарағанды облысы бойынша филиалы және оның аумақтық бөлімшелерімен атмосфералық ауаның сапалық құрамына зертханалық – аспаптық зерттеулер жүргізеді. Филиалдар 17 ингредиентке сараптама жүргізеді, оның ішінде қауіптіліктің I-II класы – 13. Әуе бассейнін ластаушылардың зерттелетін тізбесіне ШРК-ға жақын немесе одан асатын концентрациядағы оның ластануының стационарлық және стационарлық емес көздерінен тұрақты түрде қатысатын немесе түсетін химиялық заттар кіреді. Олардың ішінде ШРК-дан жоғарылары: күкіртсутек, аммиак, фенол, формальдегид, азот диоксиді, көмірқышқыл газы, күкірт диоксиді, күкірт ангидриді, күкірт қышқылы.

Атмосфераға зиянды заттар шығарындыларының көздері бар кәсіпорындарда шаң-газ тазарту құрылыстарының шығарындылары мен жұмыс тиімділігін есепке алу бойынша өндірістік зертханалық бақылау жүргізіледі. Облыста ауа бассейнін жақсарту мақсатында кәсіпорындар ауа бассейнін сауықтыру жөніндегі іс-шараларды, істен шыққан жабдықты ауыстыра отырып, тазарту құрылыстарын ағымдағы және профилактикалық жөндеуді, газ тазарту құрылыстары мен технологияларын жаңғырту жөніндегі жоспарларды әзірлейді.

Экология өмір сапасы мен денсаулық жағдайын алдын-ала анықтайтындықтан, мәселені биліктің өзара әрекеттесу деңгейінде сапалы және жан-жақты шешу қажет. Облыс тұрғындарының қоршаған ортаға ұқыпты қарауы да маңызды.

(фото ашық дереккөздерден алынды)