Ағымдағы жылғы 24-ші қазанынан бастап елордада КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты емес, тәулігіне 61-ден 69-ға дейін КВИ жағдайы тіркелуде.
Желтоқсан айында (07.12.2022 ж.жағдай бойынша) қараша айының ұқсас кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылық деңгейі 4,6 есеге (яғни, 70-тен 322 жағдайға дейін) өсті.
Сырқаттанушылықтың өсу деңгейіне қарамастан, Астана қаласы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес «жасыл аймақта» қала бермек (10 тамыздан бастап «жасыл аймақта»).
Соңғы аптада 432 КВИ жағдайы тіркелді (ағымдағы жылғы 29 қараша мен 7 желтоқсан аралығында) және алдыңғы аптамен салыстырғанда (22-28 қараша) 240 КВИ + жағдайы тіркелген, бұл сырқаттанушылықтың 1,8 есе өсуін көрсетеді, яғни 100 мың тұрғынға шаққанда 19-дан 34,3-ке дейін өсім бар.
Орташа тәуліктік тіркеу 61 жағдай деңгейінде.
Өткен тәулікте КВИ-дің алғашқы зертханалық расталған 67 жағдайы тіркелді.
Айта кету керек, желтоқсанның 6 күнінде COVID 19 бойынша барлығы - 322 жағдай тіркелді, екпе алғандар арасында – 167, оның ішінде 2 компонентті алған күннен бастап 6 айдан астам уақыт өткен кезеңде -117 науқас, ревакцинацияланған-50 науқас, оның ішінде ревакцинациядан кейін 6 ай өтпей жатып жұқтырған тек 16 науқас.
Астана қаласы бойынша Ұлттық сараптама орталығы филиалының молекулярлық-генетикалық зерттеулер зертханасы SARS-CoV-2 вирусының айналымына эпидемиологиялық мониторинг жүргізу мақсатында генетикалық сипаттамасы бойынша зерттеулер жүргізді. Нәтижелер SARS-CoV-2 вирусының айналымындағы басым генетикалық сызық Omicron екенін көрсетті (BA.5.2. (Pango v.4.1.1 PLEARN-v1.12), Omicron (BA.5-like), ол зерттелген үлгілердің 79% - анықталды. Сонымен қатар, Астанада BA.5.1 -3%, ВА.4 -1% және басқа да генетикалық сызықтар - 17 % анықталды). Сондай-ақ Қазақстан үшін "Omicron" штаммының жаңа BQ.1.1 субгенетикалық желісі табылды (бейресми атауы "Цербер").
COVID- 19 деректерін, сондай-ақ жаңа "Цербер" штаммын анықтауды талдай отырып, аурудың деңгейі жоғарылау үрдісімен байқалады деген қорытынды жасауға болады.
Естеріңізге сала кетейік, коронавирустың жаңа штаммы - "цербер" алдыңғы нұсқалардың бірі – омикрон штаммының бір тармағы болып саналады.
Санитарлық дәрігерлердің айтуынша, "Цербер" штаммы жоғары жұқпалылығымен ерекше. Жаңа ковид мутациясының белгілері SARS-пен бірдей: жоғары температура, буындардың ауыруы және әлсіздік. Сонымен қатар, мамандар цербер адамның өміріне ерекше қауіп төндірмейді деп мәлімдейді.
(фото ашық дереккөздерден алынды)