Республикадағы эпидемиологиялық жағдай көптеген инфекциялық аурулар бойынша тұрақты.
2019 жылғы 3 айдың ішінде республика халқы арасында оба, туляремия, күйдіргі, іш сүзегі, паратифтер, дифтерия, полиомиелит, сіріспе, трихинеллез, висцералды лейшманиоз, құтыру бойынша ауру жағдайлары тіркелмеді.
2018 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда А вирустық гепатиті 2,9 есеге, бактериалдық дизентерия 2,1 есеге, туберкулезбен 12,1%-ға, желшешек 34,8%-ға, сальмонеллез 29,6%-ға, энтеробиоз 28,1%-ға, дерматомикоз 21,1%-ға, ЖРВИ 12,8%-ға, тұмаумен аурушаңдықтың 8,8%-ға төмендеуіне қол жеткізілді.
Сонымен қатар, қызылша 5332 жағдайға, көкжөтел 1,89 есеге аурушаңдық 15,1% өскен.
2019 жылдың басынан қызылша ауруының 5332 анықталған жағдайы тіркелген, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында - 3848 жағдай (72,1%).
Аурушаңдық көбінесе егілмеген балалар арасында тіркелді, олар 59,9% (3192 жағдай) құрайды. Оның ішінде себебі бойынша егілмегендердің егу жасына жетпеген – (1 жастан кіші) - 1744 (54,6%), медициналық жағдайы – 991(31,0%), егуден бас тарту – 457 (14,3%).