
Жаңа жыл жақындап келеді. Балаларға сыйлық ретінде ойыншықтар сатып алынады.
КО ТР 008/2011 қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін ойыншықтар Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығында өнім айналымының бірыңғай белгісімен таңбалануы тиіс.
Сондай-ақ, талаптарға сәйкес келмейтін, оның ішінде «Сәйкес келмейтін өнімдер тізіліміне» енгізілген денсаулыққа қауіпті ойыншықтар бар. Осы Тізіліммен мына жерден танысуға болады: http://reestr-np.kz/rus/?productid=01
Ойыншықтарды сатып алу бойынша ақыл-кеңестер:
- ең алдымен, таңбалауды зерделеңіз, ол оңай оқылатын, мемлекеттік және орыс тілдерінде болуы керек, ойыншыққа арналған жас санаты туралы ақпарат болуы керек;
- ойыншық жасалған материалға назар аударыңыз, ол таза болуы керек, ластанусыз, өткір жиектері болмауы керек;
- ойыншықта өткір, жағымсыз иіс болмауы керек, ойыншық шығаратын дыбыс өткір де, қатты да болмауы керек;
- ойыншықты қарап шығыңыз, барлық бекітпелер мен қосылыстардың сенімділігін тексеріңіз;
- сатушыдан ойыншықтың қауіпсіздігін растайтын құжатты (сәйкестік сертификаты) сұраңыз.
Ол болмаған кезде ойыншық сатып алудан аулақ болыңыз:
- ойыншық қауіпсіздік талаптарына сай болуы керек – физикалық және психологиялық.
Физикалық қауіпсіздік – бұл баланың ойыншық бөлшектерін кездейсоқ жұтып қоймауы.
Психологиялық қауіпсіздік – ойыншық шығаратын дыбыс қатты болмауы керек, бұл балалардың есту қабілетіне зиян. Ойыншық бала үшін қорқынышты болып көрінбеуі тиіс.
(фото ашық дереккөздерден алынды)