Алматы облысында кене энцефалитіне қарсы иммундаумен қамтудың бірінші кезеңі аяқталды

Алматы облысында кене энцефалитіне  қарсы иммундаумен қамтудың бірінші кезеңі аяқталды

Бүгінгі күні Алматы облысының тұрғындары арасында  кене энцефалитіне қарсы иммундаумен қамту жұмыстары аяқталды. Кене энцефалитіне қарсы вакцинация, жыл сайын кене маусымы аяқталғаннан кейін 2 кезеңде жүргізіледі. Күзгі кезеңде облыс бойынша вакцинациялауға 1131 адам жоспарланып, толық егілді. Вакцинация демалыс, туризм мақсатында эндемиялық аумақтарға баратын және ауыл шаруашылығы, гидромелиоративтік, геологиялық, іздестіру, дератизациялық және дезинсекциялық және басқа да жұмыстарды орындау үшін кәсіби қызметімен аумаққа келген адамдарға, сондай-ақ эндемиялық аумақта тұратын халыққа жүргізіледі.

2022 жылдың өткен мерзімінде кене энцефалитінің 3 жағдайы  Еңбекшіқазақ (2) және Қарасай (1) аудандарында тіркелді. Айта кету керек, Еңбекшіқазақ, Қарасай, Талғар, Райымбек, Ұйғыр аудандары кене энцефалиті бойынша эндемиялық аумақтарға жатады.

Эпидемиялық кезеңде эндемиялық аумақтарда 2539 адам, оның ішінде 14 жасқа дейінгі 1530 (60,2%) бала кене шағуымен медициналық көмекке жүгінді. 2021 жылдың аталған кезеңімен салыстырғанда, кене шағуымен медициналық көмекке жүгіну  көрсеткіші айтарлықтай төмендеген. Айта кетейік, 2021 жылы кене шағу жағдайы бойынша 1910 адам тіркелген.

(фото ашық дереккөздерден алынды)