Қостанай облысында өткізілетін ойыншықтарға санитарлық бақылау

Қостанай облысында өткізілетін ойыншықтарға санитарлық бақылау

Ағымдағы жылы Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары балалар ойыншықтарының 70 сынамасын зерттеді. Жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша өңірде техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтін 28 сынама анықталды. Олардың 2-і токсикологиялық-гигиеналық көрсеткіштерге сәйкес келмеді, фенолдың артық мөлшері байқалды. Қалған 27 ойыншық сынамасында таңбалау бойынша бұзушылықтар болды.

Салыстырмалы талдау өңірдің ішкі нарығында айналысқа түсетін барлық сәйкес келмейтін өнімдердің ең көп пайызы үшінші елдердің үлесіне - 86%, ЕАЭО-қа мүше мемлекеттердің үлесіне 14% тиесілі екенін көрсетеді. Импорттаушы елдер бойынша сәйкес келмейтін өнімдердің арақатынасы мынадай болып келеді: Қытай 44%, Өзбекстан - 36%, Ресей Федерациясы-8%, Беларусь – 4%, Украина - 4%, Қазақстан Республикасы - 4%.

Таңбалау талаптарының бұзылуы көбінесе: дайындаушының (дайындаушы уәкілеттік берген тұлғаның) атауы мен орналасқан жері, импорттаушы, онымен байланысу үшін ақпарат, дайындалған күні, қызмет ету мерзімі немесе жарамдылық мерзімі, Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығында өнім айналысының бірыңғай белгісі, мемлекеттік және орыс тілдерінде таңбалау туралы ақпараттың болмауы.

Анықталған бұзушылықтар бойынша балалар ойыншықтарын сататын кәсіпкерлерге бұзушылықтарды жою туралы 5 ұйғарым берілді.

Балалар ойыншықтарын / тауарларын сатып алмас бұрын, санитарлық дәрігерлер таңбалауды мұқият тексеруді ұсынады. Онда тауардың толық сипаттамасы болуы шарт. Ойыншық құрамында зиянды заттар көрсеткішінің асып кету баланың денсаулығына теріс әсер ететінін ескерген жөн.

Ата-аналарға сатушылардан өнімнің сәйкестілігі туралы сертификаттарды немесе декларацияларды талап етуге, ойыншықтан шығатын иіске назар аударуға кеңес береміз, егер бөгде иіс болса, егер өнім жабысқақ болса, бояудың іздері қалса, өткір бөлшектері бар болса, олардан бала жарақат алуы мүмкін, сондықтан, мұндай ойыншықтарды сатып алмауды ұсынамыз.

(Фото ашық дереккөздерден алынды)