
Қазақстанда толық геномдық секвенирлеу нәтижесінде коронавирустық инфекцияның «Омикрон» штамы вирусының айналымы анықталып, оның 0,5%-да «Цербер» субгенетикалық желісі табылды.
SARS-CoV-2 вирусының генетикалық сипаттамасын толық геномдық секвенирлеу әдісімен анықтау кезінде ағымдағы жылдың қараша айында Омикрон нұсқасының айналымы анықталды, оның 0,5%-да BQ.1.1 субгенетикалық желісі («Цербер») табылды, 99,5%-да - Омикрон штамының басқа нұсқалары.
Қазіргі уақытта мутацияланған «Цербер» 65-тен астам елде, соның ішінде Ресей Федерациясында, АҚШ-та, Еуропа елдерінде анықталды.
Жаңа «Цербер» штамының белгілері омикронның бұрынғы кіші түрлерінен айтарлықтай ерекшеленбейді. Ауру көбінесе жіті респираторлық аурудың жеңіл түрінде болады. Қызудың көтерілуі, буын ауруы, аздап мұрыннан су ағу, әлсіздік болуы мүмкін, кейбіреулерінде ішек аурулары болады. Штамм тез жұғуымен ерекшеленеді, алайда аса қауіпті емес.
Науқастарды диагностикалау және емдеу басқа COVID-19 штамдарынан ерекшеленбейді. Инфекциядан қорғаудың тәсілі – COVID-19-ға қарсы вакцинация мен ревакцинацияның аяқталған курсы.
SARS-CoV-2 вирусын анықтау және мониторингілеу жұмысы жалғасады.
(Фото ашық дереккөздерден алынды)