Назарларыңызға! Дерматокосметолог болып жұмыс істеуге құқылы дәрігерлер тізімі

Назарларыңызға! Дерматокосметолог болып жұмыс істеуге құқылы дәрігерлер тізімі

Дерматокосметология – дерматологияның тез дамып келе жатқан бөлімі. Оның арқасында келбетті жасарту, түзету және жақсарту әдістері қол жетімді болды.

Мезотерапия, биоревитализация, ботулинотерапия, контурлық пластика және басқа да көптеген инъекциялық процедуралар дәрігерлік манипуляцияларға жатады, өйткені оларды жүргізу үшін анатомия, физиология, бет пен дененің құрылысы, тиісті тағайындау көрсеткіштері мен қарсы көрсетілімдер бойынша терең білім қажет.

Көрсетілген медициналық манипуляцияларды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің тиісті аумақтық департаменті берген клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификаты (бұдан әрі – маман сертификаты) бар дәрігер-дерматокосметолог жүргізуі тиіс.

Дерматокосметолог – бұл жоғары медициналық білімі, «Дерматовенерология (дерматокосметология)» мамандығы бойынша маман сертификаты бар, сондай-ақ соңғы 5 жылда осы мамандық бойынша кемінде 108 сағат көлемінде біліктілігін арттырған дәрігер.

Енді сіз дерматокосметология бойынша қызмет көрсетуді ұсынатын дәрігердің маман сертификаты бар-жоғын Комитет сайтында өзіңіз тексере аласыз немесе оған маман сертификатын көрсетуін сұрауыңызға болады.

Комитеттің сайтында (https://www.gov.kz/memleket/entities/kkkbtu/press/article/details/reestry?lang=kk) келесі мамандықтар бойынша маман сертификаты бар мамандар тізілімі ұсынылды:

- дерматовенерология;

- дерматокосметология;

- дерматология;

- венерология.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы № 774 бұйрығымен бекітілген Медициналық және фармацевтикалық мамандықтардың номенклатурасына сәйкес «дерматология», «венерология», «дерматокосметология» негізгі «дерматовенерология» мамандығының  қосымша құзыреттері болып табылады. Әрбір көрсетілген құзырет бойынша сертификат тиісті біліктілікті арттыру курстарынан өткен кезде беріледі.

2018 жылдан бастап жоғарыда көрсетілген номенклатураға сәйкес «Дерматовенерология (дерматокосметология)» мамандығы бойынша бір құжат (маман сертификаты) беріледі.

Маман сертификаты республиканың барлық аумағында қолданылады.

 

Ескерту: бұл тізім алдын ала болып табылады.

Список врачей

Список иностранных врачей