Қазан айынан бастап СҚО-да ЖРВИ-ның 12 мыңнан астам жағдайы тіркелді, тұмаудың 173 жағдайы зертханалық расталды. Негізінен балалар мен мектеп оқушылары ауырады.
Алдын алудың тиімді әдістерінің бірі – вакцинация. Бүгінгі таңда облыста вакцинация аяқталды, 75 мың адам егілді.
Тұмауға қарсы вакцинациядан басқа, спецификалық емес профилактиканы назардан тыс қалдырмау керек: бетперде тағу, әлеуметтік қашықтықты сақтау, мүмкіндігінше адамдар көп жиналатын жерлерге бармау, жеке гигиена ережелерін сақтау қажет, қолды сабынмен мүмкіндігінше жиі жуу керек, өйткені тұмау вирусы ауа тамшылары арқылы ғана емес, сонымен қатар лас қолдар мұрынның, көздің, ауыздың шырышты қабаттарымен байланыста болған кезде тұрмыстық заттар арқылы да таралады. Сонымен қатар, иммунитетті барлық қолжетімді тәсілдермен көтеру керек (денені шынықтыру, жұмыс және демалыс режимін сақтау, жеткілікті ұйқы, микроэлементтер мен дәрумендердің, әсіресе «С» витаминінің, сарымсақ пен пияздың жеткілікті мөлшері бар дұрыс тамақтану).
Ауырып қалған жағдайда үйде болу керек, дәрігерді шақырып, инфекцияның одан әрі таралуын болдырмау үшін балабақшаға, мектепке бармау керек.
(Фото ашық дереккөздерден алынды)