
АИТВ/ЖИТС – адамның иммундық тапшылық вирусы. Иммундық тапшылық əсері салдарынан бір немесе бірнеше қауіпті аурулар дамуы мүмкін (пневмония, туберкулез, рак жəне т.б.), бұл аурулармен адам ағзасы күресе алмайды. Медициналық көрсетілімдер бойынша адамнан адамға жыныстық қатынас, қан арқылы және парентеральдық (анасынан балаға) жолмен жұғады.
АИТВ/ЖИТС қазіргі әлемдік экономикаға, қоғамға дерт ретінде үлкен кері ықпалын тигізіп отыр. Осыған байланысты, жыл сайын 1 желтоқсанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, Біріккен Ұлттар Ұйымы, қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтер АИТВ/ЖИТС қарсы күрес күнін өткізіп, тұрақты түрде инфекцияның алдын-алу, тестілеу, емдеу және азаматтарға қызмет көрсету, осы проблеманы бірлесіп еңсеруге күш-жігерін салады.
Өз кезегінде, Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Дүниежүзілік АИТВ/ЖИТС-пен күрес күніне орай 2022 жылғы 24 қарашада Астана қаласы әкімдігінің «АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы» МКҚК дәрігер-эпидемиологы Д.Т. Бексұлтанова бастаған мамандарымен бірлесе отырып, елордалық «Астана теміржол вокзалы» жолаушылары мен келушілеріне арналған жедел тестілеу акциясын өткізді.
Акция барысында Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарының арасында АИТВ-ның жұғу жолдары, инфекцияның алдын-алу, емдеу, қауіпсіздік шаралары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, үнқағаздар таратылды.
Акция Дүниежүзілік АИТВ күні қарсаңында елорда тұрғындарын АИТВ-инфекциясының алдын алу, сондай-ақ халық арасында инфекцияның таралуын азайту, өз денсаулығы, жақындарының денсаулығы үшін жауапкершілікті арттыру және салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері бойынша ақпараттандыру мақсатында өткізілді.