Алматыда ИКЖК-ның себеп-салдарлық байланысының жаңа тәсілдері мен бағалары талқылануда

Алматыда ИКЖК-ның себеп-салдарлық байланысының жаңа тәсілдері мен бағалары талқылануда

23-25 қараша аралығында Алматы қаласында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік бюросының қолдауымен «Иммундаудан кейінгі жағымсыз көріністердің (ИКЖК) себеп-салдарлық байланысын эпидемиологиялық қадағалау және бағалау саласындағы заманауи тәсілдер» тақырыбында оқыту семинары өтуде.

Іс-шараға ұлттық деңгейдегі ұлттық иммундау бағдарламасының, дәрілік заттарды реттеу жөніндегі ұлттық органдардың, алғашқы медициналық-санитариялық көмек жүйесінің өкілдері, ИКЖК себептерін қараумен және жіктеумен айналысатын ұлттық сарапшылар, сондай-ақ ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің мамандары қатысуда.

Семинардың мақсаты ИКЖК тергеуге қатысатын сарапшыларға ИКЖК себеп-салдарлық байланыстарын қадағалау және бағалау саласындағы жаңа тәсілдерге қатысты нұсқаулық беру мен техникалық қолдау көрсету болып табылады.

Семинарда қатысушылар ұлттық тараптардың вакцина қауіпсіздігін мониторингілеу жөніндегі рөлдері мен міндеттерін талқылайды. Сондай-ақ, ИКЖК себеп-салдарлық байланысын бағалауға арналған ДДҰ-ның рәсімдері мен құралдарын қарайды.

Іс-шара барысында медицина қызметкерлеріне оқу материалдары мен тренингтер өткізу әдістемесі ұсынылады.

Аталған семинар қатысушылардың вакциналардың қауіпсіздігін мониторингілеу тұжырымдамалары және оларды ИКЖК-ның себеп-салдарлық байланысын мониторингілеу мен бағалаудың ұлттық жүйесін нығайту үшін қалай қолдану керектігі туралы білімдерін жақсартуға мүмкіндік береді деп күтілуде.