
Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бақылауында 889 медициналық ұйым бар, оның 123 стоматологиялық клиника мен кабинет.
Үстіміздегі жылдың 10 айында 586 медициналық объекті жоспарға сәйкес тексерілді.
Тексеру қорытындысы бойынша барлығы 34 259 355 теңге сомасына 268 айыппұл салынды, бұзушылықтарды жою бойынша 48 санитариялық ұйғарым берілді.
Емдеу-профилактикалық ұйымдарында санитариялық-эпидемиологиялық және дезинфекциялық-стерилизациялық талаптары мен ережелерін сақтау маңызды, өйткені талаптарды орындамау, денсаулық сақтау объектілерінде ішкі инфекциялық аурулардың таралу және тіркелу қаупін арттырады.
(Фото ашық дереккөздерден алынды)