ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай

ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай

Алдағы 2022-2023 жылдардағы эпидемиялық маусымда  елорда тұрғындары арасында жіті респираторлық вирустық инфекциялардың 29134 жағдайы тіркелді. Өткен эпидемиялық маусымның ұқсас кезеңінде 34287 жағдай тіркелді. Ағымдағы маусымның сырқаттанушылығы өткен жылғы көрсеткіштен 1,2 есе немесе 19%-ға төмен, бұл ретте тұмау жағдайларының саны өткен жылғы көрсеткіштен 87 %-ға артық.

Мектепке дейінгі мекемелерге баратын балалардың ұйымдастырылған ұжымы арасындағы сырқаттанушылық - 13 %, оқушылар арасында - 20%.

2022-2023 жылдардағы эпидемиологиялық маусымда маусымдық тұмауға қарсы иммундау науқаны Астана қаласының МСАК-тың 41 медициналық ұйымының базасында өткізілді, сондай-ақ бекітілген контингенттің ведомстволық медициналық орталықтарында жеке медициналық орталықтарда («Опен клиник» МО, «Архимедес Қазақстан» МО) сақтандырылған халық пен ақылы негізде екпе алғысы келетіндер егілді.

Маусымдық тұмауға қарсы барлығы 163132 адам егілді. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 159100 адам вакцинацияланды, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар – 36196, ересек тұрғындар – 12904. Жұмыс берушілердің қаражаты есебінен маусымдық тұмауға қарсы 4506 адам, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар – 38, медицина қызметкерлері – 98 адам  егілді.

Тұмауға қарсы ең жақсы қорғаныс – иммундау, сондықтан Департамент келесі әрекеттерді орындауды ұсынады:

Адамдар көп жиналатын орындарда және қоғамдық көлікте болу уақытын қысқарту;

Адамдар көп жиналатын жерлерде бетперде тағу;

Ауру белгілері бар адамдармен тығыз байланыста болудан аулақ болу;

Қолды сабынмен жуу, құрамында спирті бар, дезинфекциялық майлықтармен өңдеу;

Әлеуметтік қашықтықты сақтау;

Мұрын қуысын тұзды ерітіндімен ылғалдандыру немесе көшеден кейін тұзды ерітіндімен шаю, оксолин жақпа қолдану және витаминдер қабылдау;

Жыл сайынғы тұмауға қарсы вакцинацияны алу!

Есіңізде болсын – денсаулығыңызды күту өз қолыңызда!

(Фото ашық дерекөздерден алынды)