
21-25 қараша аралығында Римде (Италия) Алиментариус кодексі комиссиясының 45 сессиясы өтуде.
Сессия жұмысына 175 елден келген делегаттар физикалық және виртуалды түрде қатысады. Қазақстандық делегация құрамында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары М. Рақымжанова және «Қазақстан Кодекс Алиментариус» тобы – профессор Н. Қарсыбекова, Ж. Толысбаева, З. Шарипов қатысады.
Осы сессияда Қазақстан 2017 жылдан бастап екі мерзім басқарған Еуропа бойынша ФАО/ДДҰ Үйлестіру комитетінің өңірлік үйлестірушісі функцияларын береді.
Сессияда Кодекстің бейінді комитеттері бойынша тамақ қауіпсіздігі мәселелері, комиссияның Рәсімдік жинағындағы өзгерістер, Атқару комитетінің есебі, 2020-2025 жылдарға арналған Стратегиялық жоспар және басқа да мәселелер талқыланады.
Өсу гормоны - зилпатерол-гидрохлоридке ерекше назар аударылады. Бұған дейін Қазақстан комиссия ұсынған ең жоғары рұқсат етілген деңгейді бекітуді қолдамайтындығы туралы ұстанымын білдірген болатын.