Атырау облысындағы атмосфералық ауаның мониторингі

Атырау облысындағы атмосфералық ауаның мониторингі

Атырау облысында атмосфералық ауаға санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг «Санитариялық-эпидемиологиялық мониторингті жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы №ҚР ДСМ-193/2020 бұйрығына сәйкес ай сайын жүргізіледі.  

Атырау қаласы тұрғындарының атмосфералық ауаның ластануына шағымдарының көбеюіне байланысты мобильдік топ құрылған, ол түнгі уақытта атмосфералық ауа сынамасын алуды жүзеге асырады. Атмосфералық ауаға мониторинг Атырау қаласының селитебті аймағында 29 нүктеде, Жылыой ауданы, Құлсары қаласының аумағында 17 нүктеде ұйымдастырылған. 2022 жылғы 10 айдың қорытындысы бойынша санитариялық-гигиеналық  зертхана селитебті аймақтан 24 ингредиентке 8038 сынама алып тексерілді.

Атырау қаласының 15 сынамасында (0,3%), Жылыой ауданы, Құлсары қаласының 4 сынамасында (0,1%)  зиянды заттектердің мөлшері жоғары екені анықталды (керосин-5, бензин-1, күкірт диоксиді-8, изопропил бензол-4, С1-С5 көміртегі-1).

Облыстың атмосфералық ауасын ластау бойынша мәселені шешу мақсатында атмосфералық ауаны ластаушы объектілерді анықтау үшін құзыретті органдар мен мүдделі тұлғаларды қоса отырып, жұмыс тобы құрылды. Мәселен, 2022 жылы Атырау облысы бойынша Экология департаментінің хаты негізінде «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-ға (АМӨЗ), «НефтеСтройСервис ЛТД» ЖШС-ға көмірсутегінің,  көміртегі оксидінің және көмірсутегінің шекті рұқсат етілген көрсеткішінен асыру фактісі бойынша  5 880 960 тенге сомасына айыппұл түрінде әкімшілік ықпал ету шарасы қабылданды.

Бұдан басқа, мемлекеттік органдар мен объектілердің операторлары арасында кәсіпорындардың санитариялық-қорғау аймағынан тыс жерлерде және Атырау қаласының селетибтік аумағында жоғары ластану және атмосфералық ауаның экстремалды жоғары ластануы туындаған жағдайларда өзара іс-қимыл туралы 3 жақты меморандум әзірленіп, қол қойылды.

Табиғат пайдалану, қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы АМӨЗ саясатын іске асыру жөніндегі қоғамдық экологиялық кеңес халықты қоршаған ортаны қорғау саласындағы жағдай және аталған саладағы өзекті мәселелер бойынша хабардар етті.

Мемлекеттік органдар мен мүдделі ведомстволар атмосфералық ауаның мониторингі бойынша жұмысты жалғастыруда.

(Фото ашық дереккөздерден алынды)