Тұмау-бұл барлық жастағы адамдар шалдығатын ауыр вирустық инфекция. Тұмау эпидемиясы жыл сайын, әдетте, суық мезгілде болады. Әлемдегі жағдайлардың саны бойынша тұмау мен ЖРВИ бірінші орында, жұқпалы аурулар құрылымындағы үлес салмағы 95% - ға жетеді. Тұмаудың ауыр ағымы жүрек-қантамыр жүйесінің, тыныс алу органдарының, орталық жүйке жүйесінің қайтымсыз зақымдануына әкеп соғуы мүмкін, жүрек пен қан тамырлары ауруларын, пневмонияны, трахеобронхитті, менингоэнцефалитті қоздырады.
Тұмау вирусы өте оңай таралады:
Жөтелу, түшкіру, сөйлесу кезінде науқастың немесе вирус тасымалдаушының мұрын-жұтқыншағынан патогендік микрофлорасы бар сілекей, шырыш, қақырық бөлшектерімен бірге тұмаудың вирусы сыртқа шығады. Осылайша науқастың айналасында аэрозоль бөлшектерінің максималды концентрациясы бар ластанған аймақ пайда болады.
Жетісу облысы бойынша 2022-2023 жылғы эпидмаусымының 40-45 апта аралығында жіті респираторлық вирустық инфекцияның 10 мың жағдайы тіркелді,
Маусымдық вируспен күресу мақсатында халықты вакцинациялар шаралары жүргізілуде. Атап айтсақ, биылғы эпидемиялық кезеңге жергілікті бюджет есебінен Жетісу облысына 93 500 доза вакцина сатылып алынды, ол облыс халқының 14% жуығын қамтиды. Бүгінгі күнге барлығы 88633 адам тұмауға қарсы иммундаумен қамтылып, жергілікті бюджет есебінен жоспарға алынғандардың 95,3% құрады. Ол жалпы облыс халқының 13% құрады. Облыс бойынша 10 ауданның 9-да иммундау жұмыстары 100% аяқталды, Панфилов ауданында халықты иммундау 75,7% құрады, бұл бағытта жұмыс жалғасуда.
Жаңа коронавирустық инфекцияның пандемиясы кезінде ЖРВИ-дың алдын алу шараларын сақтау өте маңызды.
Халықты профилактикалық иммундау (вакцинация) – тұмаудың ең тиімді алдын-алу шарасы болып табылады. Өз кезегінде, вакцинациядан бас тартудың ең маңызды қаупі – науқас адаммен байланыста болған кезде тұмаумен ауыру мүмкіндігі. Сонымен қатар, вакцинациядан өтпеген адам айналасындағылар үшін қауіпті болуы мүмкін, өйткені ол жұқпалы аурудың ықтимал тасымалдаушысы болып табылады.
(Фото ашық дереккөздерден алынды)