
Жамбыл облысында 2022 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша эхинококкоздың 54 жағдайы тіркелді (100 мың тұрғынға - 4,7), 2021 жылдың ұқсас кезеңінде эхинококкоздың 51 жағдайы тіркелген (100 мың тұрғынға - 4,4), сырқаттанушылықтың 3,4 %-ға артқаны байқалады.
Аурудың жалпы санының (эхинококкоз) 12,9 %-ы 14 жасқа дейінгі балалар (2021 ж. - 31,4 %).
Эхинококкоз - адам мен ауылшаруашылық жануарларының арасында кең таралған, халықтың денсаулығы мен ел экономикасына үлкен зиян келтіретін ауыр паразиттік ауру. Инвазияның әлеуметтік маңыздылығы ауыр клиникалық ағыммен анықталады, кез-келген органның зақымдануымен, жиі асқынулармен сипатталады, көп жағдайда мүгедектікке әкеп соқтыруы мүмкін.
Жамбыл облысы Қазақстан Республикасында эхинококкоз ауруы бойынша бірінші орында тұр. Оңтүстік өңірде бұл инвазия үшін барлық қолайлы табиғи-климаттық жағдайлар жасалған. Эхинококк жұмыртқаларын тасымалдаушылар иттер, үй жануарлары, кеміргіштер және жәндіктер болып табылады.
Негізінен иттер өлі жануарлардың немесе етке кесілген жануарлардың шикі ішкі мүшелерін көпіршіктерімен жегенде жұқтырады, көбінесе біз иттерге шикі, жарамсыз ет қалдықтарын өзіміз береміз. Зардап шеккен ағза мүшелерін жегеннен кейін олардың ас ішектерінде таспа тәрізді ақ құрттар өседі. Иттер ішектерінде гельминттің осы түрінің 100 000-нан астам үлгісін алып жүре алады. Гельминттің соңғы сегментінде шамамен 500 немесе одан да көп жұмыртқа болады. Эхинококкозды жұқтырған кезде ит айтарлықтай салмағын жоғалтуы, қозғалысы баяулауы және жүні түтіккен болуы мүмкін, бірақ бұл белгілермен де біз иттің ауырып жатқанын бірден анықтай алмаймыз. Содан кейін ол малға, тіпті оның иесіне де жұқтыру көзіне айналады.
Инфекцияланған иттің жүрген жерлерінде нәжіспен бірге гельминт жұмыртқалары топыраққа, шөпке, су қоймаларына, киімге, қолға, үйдің жанындағы әртүрлі заттарға немесе тіпті кілемге, диванға, төсекке (егер жануарлар пәтерде тұрса) түседі, өйткені жұқтырған жануарларда гельминт жұмыртқалары барлық жүн жамылғысында болады. Ауру итті сипалағаннан кейін қолды жумаған жағдайда ауруды жұқтырдыңыз деуге болады.
Көбінесе инфекция асқазан-ішек жолдары арқылы жуылмаған жидектерді, көкөністерді, жемістерді жегенде, эхинококктардың жұмыртқалары бар шикі суды қабылдағанда пайда болады. Кейде берілу көздері сүт пен қымыз болуы мүмкін, өйткені эхинококк жұмыртқалары етқоректілердің нәжісімен ластанған шөпте жатқанда сиырлардың, биелердің желініне түседі.
Алдын алудың негізгі әдістері.
(фото ашық дереккөздерден алынды)