
Соңғы жылдары Оңтүстік-Шығыс Азия елдері қазақстандық туристердің жиі баратын елдер ретінде танымал, алайда ағымдағы жылы Қазақстан Республикасында Денге безгегінің 1 жағдайы тіркелген.
Aedes aegupti масасы негізгі таратушы болып табылатын Денге безгегі әлемнің барлық тропикалық және субтропикалық аймақтарында жиі кездеседі. Инфекцияны жұқтыру қаупі жаңбырлы маусымда жоғарылайды.
Денге безгегі Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азияда, Сахараның оңтүстігінде орналасқан Африка елдерінде, Орталық және Оңтүстік Америкада, Кариб теңізі аймағында, Океания (Тынық мұхиты) және Австралияда кең таралған.
ДДҰ мәліметі бойынша инфекция қаупі бар эндемиялық аймақтарда шамамен 2,5 миллиард адам өмір сүреді және жыл сайын шамамен 50 миллион денге ауруы байқалады, бұл жағдайда аурудан 21000 адам қайтыс болады.
Денге безгегі – қансорғыш жәндіктер арқылы таралатын тропикалық елдердің жедел вирусты жұқпалы ауруы, бұл туристер арасында жиі кездесетін арбовирусты инфекция.
Инфекцияның негізгі көзі ауру адам болып табылады, ауру басталғаннан кейін 3-5 күн ішінде клиникалық белгілер пайда болғанға дейін 6-18 сағат бұрын жұқпалы болады. Бұл кезеңде инфекция тасымалдаушы масалардың инфекциясы орын алады. Сондай-ақ, инфекцияның пайда болуы жасырын түрде өтетін маймылдардан берілуі мүмкін.
Инкубациялық кезең 3 күннен 15 күнге дейін созылады, ал орта есеппен жұқтырған маса шаққан сәттен бастап 5-8 күн. Балалар мен егде жастағы адамдарда ауру ауыр түрде өтуі мүмкін. Денге безгегінің екі негізгі клиникалық нұсқасы бар:
Денге безгегі•
- Геморрагиялық синдроммен және шокпен жүретін Денге безгегі.
Кейбір жағдайларда температура пайда болғанға дейін бас ауруы, шаршау, арқа ауруы, қалтырау, бастың артқы бұлшықеттерінің қаттылығы байқалуы мүмкін. Көбінесе ауру температураның 39-41°C дейін күрт көтерілуінен басталады.
Негізгі белгілері омыртқа бойындағы ауырсыну, буындарда, әсіресе тізеде, сүйектерде, жамбас және арқа бұлшықеттерінің ауырсынуы болып табылады. Кейде кішкентай буындардың ісінуі байқалады.
Болжамға сәйкес өлім-жітім егде жастағы адамдар мен әлсіреген балалар арасында 2% құрайды.
Комитет Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне баратын адамдарға өзінің денсаулығын сақтау үшін келесі қорғану шараларын қолдану керек екендігін хабарлайды.
Денге безгегімен күресудің негізгі құралы масалардың көбею орындарын және елді мекендердегі масаларды жою. Кемелерде, ұшақтарда, теңіз және өзен порттарындағы масаларды жою қажет.
Жәндіктердің шағуын қалай болдырмауға болады:·
Үй-жайларда терезелер мен есіктерде тор болуы керек, егер тор болмаса, терезелер жабық болуы керек. Мүмкіндігінше кондиционердің болғаны жөн.·
Репеллентті теріге әр 3-4 сағат сайын жағыңыз;·
Үй-жайға масалар кірсе, төсек үстінде тор болуы керек;·
Ұйықтауға арналған бөлмелерде аэрозольдар мен арнайы спиральдарды қолданыңыз;·
Киім жабық болуы керек.
Шет елден оралғаннан кейін және денсаулық жағдайыңыз нашарлаған жағдайда дәрігерге барып, оған шыққан сапардағы орныңыз туралы міндетті түрде хабарлағаныңыз жөн.