
2022 жылғы 11 қарашада Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің алаңында ішкі нарықты контрафактілік және қауіпті өнімдерден қорғау жөніндегі жұмысты күшейту мәселелерін талқылады.
Кеңес ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басқарма басшысы Д. Қасқатаеваның төрағалығымен өткізілді, оған департамент басшысы
Ю. Залыгин, Департамент мамандары, қалалық және аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының басшылары мен мамандары, сондай-ақ Қарағанды облысы бойынша ҰСО ШЖҚ РМК филиалы директорының орынбасары мен қызметкерлері қатысты.
Кеңесте Департаменттің, қалалық және аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының 2021 жылғы және 2022 жылғы 9 айдағы азық-түлік тауарларына техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылаудың тиімділігі мәселелері бойынша қызметін тексеру қорытындылары қаралды.
Өнімнің негізгі түрлеріне және анықталған бұзушылықтарға баса назар аудара отырып, Қазақстан Республикасының, оның ішінде Қарағанды облысының аумағындағы жүзеге асырылатын өнім қауіпсіздігі мониторингінің қорытындылары айтылды.
Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы органдар қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылатыны атап өтілді. Ішкі нарықты контрафактілі және қауіпті азық-түлік өнімдерінен қорғау жөніндегі жұмысты күшейту және іс-шараларды берілген өкілеттіктер шегінде және қолданыстағы заңнамаға сәйкес қатаң түрде жүзеге асыру қажет.
Сондай-ақ, кеңеске қатысушылармен азық-түлік тауарларына техникалық регламенттерді бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті Еуразиялық экономикалық одақтың заңнамасымен оқыту жүргізілді.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті кеңес барысында Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2019 жылғы 19 желтоқсандағы № 118 шешімімен айқындалған Қазақстан Республикасына үшін 01.01.2025 жылдың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін сүт өнімдерін өндіру үшін пайдаланылатын шикі сүтті микробиологиялық көрсеткіштер (КМАФАнМ және соматикалық жасушалар) бойынша сәйкестікке жеткізуге бағытталған іс-шараларды өңірлерде өткізу мәселелерін көтерді.
Кеңеске қатысушылардың ерекше назары семіздікпен және жүрек-қантамыр жүйесінің ауруларымен күрес мәселелеріне аударылды, оның себептерінің бірі халықтың құрамында май қышқылдарының трансизомерлері бар өнімдерді пайдалануы болып табылады. Май өнімдеріндегі май қышқылдарының трансизомерлерінің 2% - дан аспайтын құрамының сақталуын бақылауды өндіріс сатысында да, сату сатысында да жүзеге асыру қажет екендігі атап өтілді.
Кеңеске қатысушылар талқылауға белсенді қатысты, проблемалық сұрақтар көтерілді, оларға толық жауаптар алынды.