
Халықты таза ауыз сумен қамтамасыз етудің негізгі шарты - судың микробиологиялық және санитариялық-химиялық көрсеткіштері бойынша сапасы мен қауіпсіздігі болып табылады. Ауыз су эпидемиялық және радиациялық тұрғыдан қауіпсіз, химиялық құрамы бойынша зиянсыз және жағымды органолептикалық қасиеттерге ие болуы тиіс.
Халыққа берілетін ауыз су сапасы санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізу, объектілерді ерекше тәртіп бойынша тексеру, сумен жабдықтау ұйымдарын өндірістік бақылау барысында қамтамасыз етіледі.
Түркістан облысында 2022 жылдың 9 айында орталықтандырылған ауыз су жүйелерінде микробиологиялық көрсеткіштерге 3 872 сынама іріктеліп, 64 (1,65%) сынамадан сәйкессіздіктер анықталды, санитариялық-химиялық көрсеткіштерге 3 160 сынама зерттеліп, 53 (1,68%) сынамадан сәйкессіздіктер анықталды.
Сумен жабдықтау желілерінде профилактикалық іс-шаралар жүргізгеннен кейін, қайталама зертханалық зерттеулер нәтижелері бойынша ауыз су сынамалары гигиеналық нормативтерге сәйкес келді.
Су шаруашылығы субъектілерін ерекше тәртіппен тексеру кезінде анықталған санитариялық қағидалар талаптарын бұзушылықтар бойынша сомасы 5 911 590 теңге айыппұл түрінде 18 әкімшілік ықпал ету шарасы қабылданды, бұзушылықтарды жою бойынша 14 ұйғарым берілді.
Бұдан басқа екі ауданда тұрғындардың шағымы негізінде жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, нәтижелері бойынша сомасы 1 102 680 теңге айыппұл түрінде әкімшілік ықпал ету шарасы қабылданды.
2022 жылдың 9 айында облыс көлемінде су арқылы берілетін жұқпалы аурулар тіркелген жоқ.
(фото ашық дереккөздерден алынды)