
Қалалық ландшафттың міндетті элементі – жабдықталған ойын алаңдары. Мұндай алаңның орталық жері құмды аймақ – құмсалғышға тиесілі.
Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандары мамырдан қыркүйекке дейін аулалық аумақтардың ойын алаңдарындағы құмның жай-күйіне санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізеді.
Мониторинг барысында Екібастұз қаласының балалар ойын алаңдарында микробиологиялық көрсеткіштер бойынша сәйкес келмейтін 11 сынама анықталды, 5 сынамада дөңгелек құрт жұмыртқалары анықталды.
Сәйкес келмейтін сынамалардың нәтижелері бойынша ақпарат профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы мүдделі органдарға жіберілді. Құмды ауыстыру уақтылы жүргізілді.