Қостанай облысындағы өнім қауіпсіздігі мониторингінің нәтижелері

Қостанай облысындағы өнім қауіпсіздігі мониторингінің нәтижелері

Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өнімді өткізу сатысында тауарлардың сынамаларын іріктеу жолымен оның қауіпсіздігіне мониторинг жүргізеді.

Ағымдағы жылдың 10 айында 555 сауда объектісінен өнімдердің 1395 сынамасы сатып алынды. Оның 154-і (27,8%) ЕАЭО техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмеді, оның ішінде импорттық өндіріс – 83% және отандық өндіріс – 17%.    

Сәйкессіздіктердің негізгі үлесі, атап айтқанда 79% таңбалау қағидаларының талаптарын бұзуға тиесілі: дайындаушының атауы мен орналасқан жері, мемлекеттік тілдегі ақпарат, КО-ға мүше мемлекеттердің нарығында өнім айналымының бірыңғай белгісі, шығарылған күні жоқ, қаптаманың сәйкессіздігі.

Микробиологиялық көрсеткіштер бойынша 4,0% - бұл ішек таяқшасы тобы бактериясының болуы, жалпы бактериялық ұрықтанудан асып кету.

Жарамдылық мерзімі өткен өнім 3,0%.

Жалған сүт өнімдері 3,0%, сондай-ақ өзге көрсеткіштер бойынша сынамалар 11%.

Зерттелген сынамалардың жалпы санынан сәйкессіздіктер ет және балық өнімдерінде, құс етінде, сүт өнімдерінде, жеңіл өнеркәсіп өнімдерінде, ойыншықтарда, балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдерде анықталды.

Техникалық регламенттер мен гигиеналық нормативтердің талаптарына жауап бермейтін өнімді өткізудің анықталған фактілері бойынша кәсіпкерлік субъектілерінің атына халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданды.

30,2 кг қауіпті өнім сатылымнан алынды, оның ішінде жалпы сомасы 33 657 теңгеге тамақ өнімі 29,0 кг.

Өткізілетін өнімнің сапасын бақылау Департаменттің тұрақты бақылауында.