Атырау облысында тұмау аурушаңдығының 7 жағдайы тіркелді

Атырау облысында тұмау аурушаңдығының 7 жағдайы тіркелді

Күн суытқан уақытта респираторлық вирустармен, әсіресе тұмаумен ауырудың өсімі ұлғаяды.

Тұмау – жасы мен жынысына қарамастан барлық адамдарды зақымдайтын қауіпті вирустық жұқпалы ауру болып табылады. Өткен жылы Атырау облысында тұмау аурушаңдылығының 7 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 2  жағдай, басқаларында – 5 жағдай.

2021 жылы тұмаудың жаңа эпидемиялық маусымына ресейлік өндірістің «ГРИППОЛ+» вакцинасының 65000 дозасы сатып алынды.

2021 жылы Атырау облысында тұмауға қарсы 67 671 адам екпемен қамтылған, оның ішінде 65 000 адам ақысыз негізде қамтылған.

Вакцинациялаудан кейін жағымсыз реакциялар тіркелген жоқ.

Атырау облысында  ағымдағы эпидемиологиялық  маусымда тұмау аурушаңдылығының 7 жағдайы  тіркелді. Оның ішінде жүкті әйелдер – 5 жағдай, ересектер саны – 2 жағдай тіркелді.

2022-2023  жылдардағы эпидемиялық маусымда тұмау және жіті респираторлық вирустық инфекциялар бойынша санитариялық-профилактикалық, санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу жұмысы басталуда. Тұмаудың қоздырғышы вирус болып табылады. Дәрігерлер тұмау ауруының вирусын тұрақсыз дейді. Әрбір екі-үш жыл сайын ол өзінің қасиетін өзгертіп отырады және 10-12 жыл сайын вирустың жаңа түрлері пайда болып, олар алдыңғы түрлерінен өзгеше болып келеді. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының пікірінше тұмаумен күресудің экономикалық және әлеуметтік нәтижелі алдын алу шарасы – вакциналау болып табылады.

Сондай-ақ тұмаудың алдын алу мыналарды қамтиды:

- науқас адамдармен қарым-қатынасты шектеу;

- адамдар көп жиналатын жерлерге барудан бас тарту;

- маусымға сәйкес киіну;

- ауырған жағдайда вирусты таараптау үшін оқшауланған абзал;

- халық көп жиналатын жерлерде қорғаныс ретінде бетперде тағу қажет;

- науқасқа күтім жасаған кезінде науқас адам да, дені сау адам да қорғаныс ретінде бетперде тағуы тиіс.

Алдын алу үшін иммунитетті арттыратын қолжетімді әдістерді қолдануды ұмытпаңыз (пияз және сарымсақ сияқты табиғи фитонцидтер, шөптерден, қарақаттан, итмұрыннан жасалған қайнатпаны көп ішу, мысалы, С дәрумені көп тағамдарды тұтыну, мысалы, ашытылған қырыққабатты, цитрус жемістерін, сондай-ақ ақуызға бай тағамдарды тұтыну).

Құрметті азаматтар! Тұмау асқынулармен қауіпті, сондықтан тыныс алу органдары ауруларының алғашқы белгілері пайда болған кезде өз бетінше емделуіңізге болмайды, дереу дәрігерге жүгінуіңіз қажет.