Халықтың денсаулығына зиянды заттардың теріс әсерін төмендету мақсатында Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тұрақты негізде су объектілерінің, атмосфералық ауаның, топырақтың және елді мекендерді сумен жабдықтаудың жай-күйіне санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізеді.
Ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша СЭМ шеңберінде келесі іс-шаралар атқарылды:
- Елді мекендерді ауыз сумен жабдықтаудың орталықтандырылған жүйелерінен микробиологиялық көрсеткіштерге 414 су сынамасы зерттеліп, оның ішінде 25 сынама немесе 6,0% (2021ж. 9 айында-4,5%) нормативтік құжаттаманың талаптарына сәйкес келмеді, санитариялық-химиялық көрсеткіштерге 619 су сынамасы зерттеліп, оның ішінде 44 сынама немесе 7,1% (2021ж. 9 айында-4,2%) НҚ талаптарына сәйкес келмеді. Сәйкес емес сынамалар бойынша аумақтық басқармалар ауыз су жүйесінің жауапты шаруашылық субъектілеріне санитариялық-індетке қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар жүргізу туралы қаулы мен жергілікті атқарушы органдарға ақпараттар берді.
- Ауыз сумен жабдықтау көзі ретінде пайдаланылатын 1-санаттағы су айдындарынан микробиологиялық және санитариялық-химиялық көрсеткіштерге 39 су сынамадан алынып зерттелді, НҚ талаптарына сәйкес келмейтін су сынамалары анықталған жоқ (2021ж. 9 айында – 0).
- Жаппай демалу мақсатында пайдаланылатын 2-санаттағы су айдындарынан микробиологиялық көрсеткіштерге 213 су сынамасы зерттеліп, оның 5 сынамасы немесе 2,3% (2021ж. 9 айында-0,9%) НҚ талаптарына сәйкес келмесе, санитариялық-химиялық көрсеткіштерге зерттелген 209 су сынамадан НҚ талаптарына сәйкес келмейтін сынамалар анықталған жоқ (2021ж. 9 айында-0%). Микробиологиялық көрсеткіштер бойынша оң сынамалар өзендер арнасының ластануы нәтижесінде анықталды. Осыған сәйкес аумақтық басқармалар жергілікті атқарушы органдарға өзен арналарын тазарту бойынша санитариялық-індетке қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы қаулыларын берді. Өзен арналарын тазартқаннан кейін зерттеулер қайта жүргізілді, барлық сынамалар санитариялық нормалар мен талаптарға сәйкес келді.
- Атмосфералық ауаның жай-күйіне мониторинг ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар, автомобиль көлігінің үлкен ағыны кездесетін облыстық және республикалық маңызы бар автомагистральдар өтетін елді мекендерде және халықтан келіп түскен шағымдар негізінде жүргізілген. Атмосфералық ауаға жүргізілген 987 зерттеудің 3 немесе 0,3% ШРЕК асып кетуі анықталды (2021 жылғы 9 айда -1,2%). Аталған ШРЕК асып кету Талдықорған қаласының автомобиль жолдарының маңайындағы бақылау нүктелерінде жүргізілген мониторинг кезінде табылған ластаушы зат – аз күкіртті мұнай өнімі болып табылады.
- Топырақтың жай-күйіне мониторинг жүргізу шеңберінде бактериологиялық көрсеткішке 78 сынама алынып, оның ішінде 3 немесе 3,8% (2021 жылдың 9 айында-1,4%) микробиологиялық көрсеткіштер бойынша гигиеналық нормативтің талаптарына сәйкес келмеді, санитариялық-химиялық көрсеткіштерге 30 топырақ сынамасы алынып, сәйкессіз сынамалар анықталған жоқ. Сондай-ақ, гельминт жұмыртқасына 48 топырақ сынамасы алынып зерттелді, оның 1 сынамасы немесе 2,0% НҚ талаптарына сәйкес келмеді (2021 жылдың 9 айында -1,5%). Топырақтың жай-күйін жақсарту бойынша «Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ қалалық бассейн демалыс аймағының аумағын абаттандыру, тазалау және дезинфекциялау бойынша іс-шараларын жүргізу туралы хат жолданды. Профилактикалық іс-шаралар жүргізілгеннен кейін қайта іріктелген сынамалар теріс болды.