
Өндірісті ұйымдастырудың басты, әрі маңызды принциптерінің бірі болып, оның барлық кезеңдерінде қауіпсіз және залалсыз еңбек жағдайын қалыптастыру болып табылады.
Өндіріс үрдістерін тиісті деңгейде механикаландырмау, ауыр физикалық еңбек, газдану, шаңдану, қолайсыз микроклимат, жұмыс орындарындағы жоғары шу деңгейі, жоғары еңбек өтілі мен 60 жастан асқан жұмысшыларда әртүрлі аурулар (жалпы соматикалық аурулар) түрлерінің болуы кәсіптік аурулардың жоғарылауына әкеледі.
Айта кету керек, кәсіптік аурулар медициналық тексерулер кезінде көп жағдайда анықталады.
Кәсіптік аурудың негізгі себебі авария, технологиялық процестің қалыпты ағымының бұзылуы, жеке қорғаныс құралдарын пайдаланбау немесе дұрыс қолданбау және т. б. нәтижесінде зиянды факторлардың қарқынды қысқа мерзімді немесе ұзақ мерзімді әсері болуы мүмкін.
Бұл ретте, заңнамада қызметкер мен жұмыс берушінің, сондай-ақ мемлекеттің жеке және қоғамдық денсаулық үшін ортақ жауапкершілігі қағидаты көзделген.
Осыған байланысты, кәсіптік аурулардың алдын алу мақсатында жұмыс орындарында тиімді өндірістік бақылау жүргізу және өнеркәсіптік кәсіпорындарда жұмыс істейтін еңбекке, тұрмыстық, медициналық қызмет көрсетуге және тамақтануды ұйымдастыруға қолайлы жағдайлар жасау, сондай-ақ қызметкерлердің еңбек гигиенасын сақтауы және жеке қорғаныс құралдарын (ЖҚҚ) пайдалану қажет. Сондай-ақ қызметкерлерді медициналық тексеруден толық өтуге шақырамыз.