Түркістан облысында 34 423 бала БЦЖ ревакцинациясын алды

Түркістан облысында 34 423 бала БЦЖ ревакцинациясын алды

Аса қауіпті жұқпалы туберкулез ауруынан сақтану, оның алдын-алу өте  маңызды.  Азаматтар арасында көбіне дене қызуы жоғарылап, жөтелі асқынғанша  медицина қызметіне жүгінбей, салғырттықпен дертін асқындырып алатындар жиі кездеседі.                                                     

Кішкентай балалар арасында туберкулездің алдын алу мақсатында жаңа туған нәрестелерге БЦЖ егіледі. Содан кейін бала 6 жасқа толғанда, қыркүйек айында мектепте Манту сынамасы және БЦЖ вакцинасы қайталанады. Биыл өңірде 1-сыныптың 34 423 оқушысы (98,4%) БЦЖ ревакцинациясын алды.                                                                                           

Түркістан облысында 2022 жылдың ағымдағы кезеңінде туберкулездің алғаш рет анықталған 429 жағдайы тіркелді, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда туберкулезбен сырқаттанушылықтың 4,75%-ға төмендеуі байқалады. Сондай-ақ жасөспірімдер арасында туберкулезбен сырқаттанушылықтың төмендеуі байқалады, барлығы 12 жағдай тіркелді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 8 жағдайға аз.                   

Туберкулез көбінесе өкпеде дамиды. Ол адамнан адамға, жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлескенде беріледі. Аса қауіпті жұқпалы туберкулездің алдын алу үшін салауатты өмір салтын ұстану және үнемі сапалы тамақпен тамақтану қажет. Сіздерді қоғамдық орындарда жөтелмеуге немесе түкірмеуге шақырамыз. Өйткені, егер туберкулезбен ауыратын адам ауру екенін білмей, ауыз қуысынан сілекей немесе басқа сұйықтықты түкірсе, туберкулез бактерияларының таралуы әбден мүмкін.