
Бүгінгі таңда ЖРВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай аурудың маусымдық өсуімен сипатталады. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 5%-ға төмендеу байқалады.
Науқастардың 70%-дан астамы–14 жасқа дейінгі балалар.
2022 жылдың 14 қазанынан бастап тұмау жағдайлары тіркеле басталды. Тіркелгендердің арасында барлығы тұмауға қарсы екпе алмағандар.
Қазіргі уақытта тұмаудың алдын алудың тиімді әдістерінің бірі-вакцинация. Тұмауға қарсы вакцинация - аурудың асқынған ағымынан, ауруханаға жатқызудан және өлімнен қорғайды.
3 қазаннан бастап облыста тұмауға қарсы иммундау науқаны басталды. Тіркелген жері бойынша емханада тегін негізде вакцинациялау - қауіп тобына жататын адамдарға: медицина қызметкерлері, медициналық ұйымда диспансерлік есепте тұрған балалар, сәбилер, балалар үйлерінің балалары, қарттар үйлерінің контингенті, эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша (2-3 триместрдегі жүкті әйелдер, созылмалы аурулары бар адамдар, 65 жастан асқан адамдар және т. б.) жүргізіледі.
Вакцинация А типті (H1N1, H3N2) және В типті тұмаудан қорғайтын ресейлік үш валентті «Гриппол плюс» вакцинасымен жүзеге асырылуда.
Бүгінгі таңда 47639 адам егілді, 9186 оқушы, 8131 медицина қызметкері, 396 жүкті әйел, 1864 қызметкер және қамқорлықтағы балалар, сәбилер үйлері, қарттар үйі, 21216 созылмалы жүрек-қан тамырлары, тыныс алу, иммундық жүйесі аурулары бар және 6846 адам эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша қамтылды (жиі ауыратын балалар, 65 жастан асқан адамдар және т.б.).
Тұмауға қарсы вакцинациямен қамту ұжымдық иммунитетті қалыптастырады және эпидемияның пайда болуына жол бермейді.
Тұмауға қарсы вакцинациядан басқа, спецификалық емес профилактиканы назардан тыс қалдырмау керек: бетперде кию, әлеуметтік қашықтықты сақтау, мүмкіндігінше адамдар көп жиналатын жерлерге бармау, жеке гигиена ережелерін сақтау қажет-қолды сабынмен мүмкіндігінше жиі жуу керек, өйткені тұмау вирусы ауа тамшылары арқылы ғана емес, сонымен қатар тұрмыстық заттар арқылы да таралады (лас қолдар мұрынның, көздің, ауыздың шырышты қабаттарымен байланыста болған кезде). Сонымен қатар, иммунитетті барлық қол жетімді тәсілдермен көтеру керек (жұмыс және демалыс режимін сақтау, жеткілікті ұйқы, микроэлементтер мен дәрумендердің, әсіресе «С» витаминінің, сарымсақ пен пияздың жеткілікті мөлшері бар дұрыс тамақтану).
Ауырып қалаған жағдайда үйде болу керек, дәрігерді шақырып, инфекцияның одан әрі таралуын болдырмау үшін балабақшаға, мектепке бармау керек.