Шығыс Қазақстан облысында ауыз су мен атмосфералық ауа сапасын мониторингілеудің нәтижелері

Шығыс Қазақстан облысында ауыз су мен атмосфералық ауа сапасын мониторингілеудің нәтижелері

Ауыз судың сапасы.

Ағымдағы жылдың 9 айында Шығыс Қазақстан облысы бойынша қалалық және аудандық басқармалардың мамандары микробиологиялық көрсеткіштерге 832 су құбыры суының сынамасын зерттеді, оның ішінде 39 сынама (4,7%) гигиеналық нормативтерге сәйкес келмеді. Санитариялық-химиялық көрсеткіштерге 828 сынама зерттелді, сәйкессіздіктер 33 сынамада анықталды (3,9%).

Ауыз судың сәйкес келмейтін сынамалары бойынша сумен жабдықтау субъектілеріне профилактикалық іс-шараларды өткізу туралы ұсынымхаттар берілді.

Профилактикалық іс-шаралар жүргізілгеннен кейін және қайталама зертханалық зерттеулер нәтижелері бойынша ауыз су сынамалары гигиеналық нормативтерге сәйкес келді.

Халықты ауыз сумен қамтамасыз етудің негізгі шарты - судың микробиологиялық және санитариялық-химиялық көрсеткіштері бойынша сапасы мен қауіпсіздігі болып табылады.

Халыққа берілетін ауыз судың сапасын бақылау санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізу, объектілерді ерекше тәртіп бойынша тексеру, сондай-ақ сумен жабдықтау ұйымдарын өндірістік бақылау барысында қамтамасыз етіледі.

Сумен жабдықтау объектілерінде анықталған санитариялық қағидалар талаптарын бұзушылықтар бойынша 3 629 655 теңге сомасында 20 айыппұл салынып, өндіріліп алынды. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің атына 13 ұйғарым берілді, мерзімінде – 8-і орындалды, ал бесеуінде орындау мерзімі аяқталған жоқ.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 462-бабының 3-бөлігіне сәйкес ұйғарым тармағын орындамау бойынша сотқа 1 әкімшілік іс берілді, сотпен 1 072 050 теңге сомасында әкімшілік жаза қолданылды.

2022 жылдың 9 айында облыс көлемінде сумен байланысты жұқпалы аурулар тіркелген жоқ.

Атмосфералық ауаның сапасы.

2022 жылдың 9 айында Шығыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармаларының мамандары санитариялық-химиялық көрсеткіштерге атмосфералық ауаның 11226 сынамасын зерттеді, ауытқулар 1,3 % сынамада анықталған.

Өзара ақпарат алмасу аясында атмосфералық ауадағы ластаушы заттардың шекті жол берілетін шоғырлануының асып кетуі анықталған жағдайда мәліметтер қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға жолданады.