Дизентерия

Дизентерия

Дизентерия – жұқпалы ауру, адамдар бұл ауруға жеке бас гигиенасы мен қоғамдық орындарда гигиена қағидаларын сақтамағанда шалдығады. Бұл аурудың  қоздырғыштары адам организіміне сумен және басқа тағам түрлерімен, ыдыс - аяқтар, ойыншықтар т.с.с. заттар арқылы да түсуі мүмкін.

Дизентерияның белгілері: дене қызуы көтеріледі, іште ауырсыну пайда болып, жиі-жиі іші өтеді, жүрегі айнып құсады, науқастың асқа тәбеті болмай әлсіздік пайда болады. Егер осы аурудың алғашқы белгілері байқалса, шұғыл түрде  медициналық көмекке жүгіну қажет.

Маңғыстау облысы бойынша 2022 жылдың  9 айында    дизентерия ауруының 62 жағдайы тіркеліп, 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш  - 8,19%-ды құрап отыр, оның ішінде балалар арасында тіркелген 26 жағдай анықталды.

Дизентерияны жұқтырмау үшін қарапайым шараларды сақтау қажет, атап айтқанда:

- сырттан үйге келгенде, дәретханадан шыққаннан кейін, ас ішер алдында қолды сабындап жуу керек;

- бөлмеңізге  аптасына 2 реттен кем емес ылғалды тазалау жүргізу қажет;

- ыдыс-аяқты, төсек жабдықтарын, ойыншықтарды таза ұстау керек;

- жеміс-жидек пен көкөністерді жақсылап жуып, ішуге тек таза және қайнаған суды пайдалану керек;

 - ашық су айдындарының суын тұрмыстық жағдайға қолданбау, яғни көкөніс пен жеміс-жидек және т.б. жумау керек;  

 - дүкеннен немесе басқа да сауда орталықтарынан тамақ өнімдерін, жеміс-жидек пен көкөністерді, азық-түліктерді сатып аларда сыртқы түріне қарап, сапасына назар аударып, жарамдылық мерзіміне қарау қажет;

 - ас дайындау ережелерін сақтау қажет, дайын тағам түрлерін турайтын тақтайшалар бөлек, ал шикі өнімге бөлек тақтайша болуы тиіс;

 - дайын  тамақты тоңазытқышта сақтау қажет.